15 наурызда Астанада «Бақытты отбасы» «Жалпы орта білім беретін және мектепке дейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдардың педагогикалық мамандарының отбасылық тәрбиелеу жөніндегі біліктіліктерін арттыру» IV Республикалық жобасының  кезекті 1 дүрмегі өзінің жұмысын аяқтады.

Арнайы шақырылған педагогика мен психология саласындағы ресейлік, қазақстандық атақты оқытушылардың, сондай-ақ Отбасылық Тәрбиелеу Институтының таңдаулы оқытушыларының арқасында  208 мектептің және 100 мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары  отбасылық тәрбиелеу жөніндегі өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттырып, сертификаттарға ие болды.

15 күнге созылған оқу сессиясының барысында  қатысушылар  отбасындағы өзара түсіністікті жақсартудың тиімді құралы болып табылатын, отбасын психологиялық-диагностикалық зерттеу әдістемесін  және фототерапияны зерттеді.  Олар «Отбасы – әлеуметтік институт: мәдени және этникалық ерекшеліктер», «Халық педагогикасы және тәрбиелеудің мұсылмандық дәстүрі», «Ажырасудың әлеуметтік психологиялық проблемалары мен оның салдары»,  «Некенің сапасы мен отбасының даму циклі», «Бірлескен тәжірибедегі педагог пен психолог қатынасын диагностикалау», «Құпия ақпаратпен жұмыс істеу ережесін бұзғаны үшін педагог-психологтың жауапкершілігі», «Отбасының тіршілік қызметінің бұзылуы», «Отбасы, коммуникативтік жүйе ретінде»» «Балаларды психологиялық тексеру», «Отбасылық кеңес берудің этикасы мен әдістемесі», «Өмірлік дағдылар. Бастауыш сынып оқушыларына арналған бағдарлама» және т.с. сияқты маңызды тақырыптарға негізделген дәрістер тыңдады.

Институт оқытушылары жанжалтану тақырыбының, жақын адамы қайтыс болғанда баланы қолдау әдістемесінің, мектеп пен отбасы өзара әрекеттестігінің түрлерінің тұсаукесерлерін жасады. Сонымен қатар алдағы мектеп емтихандарының мәселесі қозғалды және түсу емтихандарын тапсыру мен оқудың бақылау түрлерін тапсыру кезеңдерінде зияткерлік әлеуетті жұмылдырудың тәсілдері мен психологиялық қолдау әдістері талқыланды.

Жасөспірімнің психоэмоционалдық жағдайы мәселесі де назардан тыс қалмады. Семинардың қатысушылары осы жағдайды диагностикалау, психологиялық алдын алу мен психологиялық түзету әдістерін талқылады.

Ертеректе хабарлағандай, жобаның 1 дүрмегіне шақыртылған оқытушылар қатарында М.В.Ломоносов атындағы ММУ өкілдері, отбасымен тәжірибелік жұмысты зерттеу саласындағы орасан мол тәжірибесі бар ғалымдар, оқулықтардың және монографиялардың авторлары,  отбасы және отбасылық кеңес беру мәселелерімен байланысты Халықаралық Қауымдастықтардың мүшелері: Л.Лебедева, О. Хухлаева, В. Устименко, Н. Цветкова,  Г.Новикова, С.Покровская, С. Кривцова, С. Попов,  Ж.Намазбаев, А. Улановский, А.Цветков, Е. Глебова, Е. Маралова болды.

Отбасылық Тәрбиелеу Институты « ҚР білім беру мекемелерінің педагог-психолог мамандарының отбасылық тәрбиелеу жөніндегі біліктіліктерін арттыру» Республикалық жобасын төрт жыл қатарынан орындап келеді. Бүгінгі таңда, 2011 жылдан бергі кезең ішінде  бүкіл Қазақстаннан 798 мектеп және мектепке дейінгі педагогтар өздерінің кәсіби біліктіліктерін көтерді.  2014 жылы Институттың білім беру мекемелері мамандарын қамту бойынша деңгейі артты. Осылайша, Отбасылық тәрбиелеу Институты 2014 жылы тағы да 924 астам педагогты оқытуды көздеп отыр. Және де бұл мүмкіндіктің ең жоғары шегі болып қалмақ емес!

2014 жылы 1 мамырға жоспарланып отырған «Жалпы орта білім беретін және мектепке дейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдардың педагогикалық мамандарының отбасылық тәрбиелеу жөніндегі біліктіліктерін арттыру» IV Республикалық жобасының  кезекті 2 дүрмегінде  отбасылық педагогика мен психология, отбасылық тәрбиелеу саласында білім алу үшін Астанаға ел өңірлерінен 308 педагог-психолог тағы келмек.


Авторы: Ирина Михайлова