Сессияның 1 дүрмегі өзінің жұмысын аяқтады. Оның барлық қатысушылары сәйкес сертификаттарға ие болып, үйлеріне тарасты. Отбасылық Тәрбиелеу Институтының қызметкерлері сауалдарға арналған құпия жәшікті ашты.

Кейбір хаттар А4 форматындағы 2 жақты парақтарға жазылса, енді біреулері – кішкентай қағаз беттеріне, ал тіпті кейбіреулері бүкіл топ атынан жазылған екен. Жәшікте небәрі 44 хат болды.

Қатысушыларды толғандырған негізгі сауал жалақыға қосылатын үстемақы мәселесі болды. Көптеген мамандарды білім алу, кейіннен біліктілікті арттыру, қосымша курстарда білім алу мәселелері қызықтырды. Сондай-ақ оқу орындарындағы салалық мамандардың (мектеп психологтарының) тапшылығы мәселесі де кейбір мамандарды бей-жай қалдырмапты. Институт атына жазылған алғыс хаттар да жетерлік.

Кезекті Сессияның барысында «Хаттарға арналған жәшік» қою туралы шешім қабылданғандығын естеріңізге саламыз.  Кез келген қатысушы өзін толғандырған сауалды А4 форматындағы парақ қағазға жазып, жәшікке салу мүмкіндігіне ие болды. Барлық хаттар сәйкес уәкілетті органға тапсырылатын болды. Жауаптар біздің сайтта немесе Отбасылық Тәрбиелеу Институтының жаңа  «Отбасылық тәрбие» журналының беттерінде жарияланатын болады.