Астанада «ҚР отбасылық саясатты жүзеге асырудың әлеуметтік механизмдері: ел өңірлеріндегі Отбасылық Тәрбиелеу Орталықтары жанындағы психологиялық қызметті дамытудың келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның барысында белгілі мемлекеттік қайраткерлер Қазақстанға отбасылық психологтар жетпейді деген пікірлер айтты.

Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы бас директорының орынбасары Нағима Исатаева  қатысушыларға денсаулық сақтаудың тұрақты бірыңғай ұлттық бағдарламасы  туралы әңгімелеп берді. «Біздің емханаларда мұндай арнайы   Отбасылық Денсаулық құрылымдар бар. Бірақ біз бірден жалпы дәрігерлік тәжірибеге кірісіп кете алмаймыз, сондықтан мұны біртіндеп, кезеңдеп жасауымыз керек»,-деп атап өтті ол.

Исатаеваның айтуынша, жоба 2011 жылы басталған. Ол отбасылық  дәрігерлерден басқа,  бүкіл отбасына қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді-психологтарды  енгізуді көздейді.

Бұдан кейін сөз Астана қаласы «Демеу» отбасылық медицина оқу-тәжірибелік орталығының  тәжірибеші психологы Станислав Тенге сөз берілді. Оның пікірінше, Қазіргі күні Қазақстанда 10 000 адамға 1 ғана психологтан келеді екен.

ҚР Мәжіліс депутаты Оразгүл Асанғазы отбасын сақтау бойынша үйлестіру кеңесін құруды ұсынды. Ол Парламентке ұсынғысы келетін бірқатар мәселелер туралы айтты. «Жылдың соңына дейін бізге болашаққа жоспарлары бар құжат қажет, біз барлығымыз бірігіп, бұл жүйені енгізуіміз керек. Мен отбасын қалай сақтау керек екендігін барлығының білгенін қалаймын!»,- деп мәлімдейді ол.

Әрі қарай тақырыпты талқылауға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім Департаментінің директоры Жонтаева Жаңыл Алпамысқызы қатысты. Қазіргі кезде 1 психологқа 300 баладан келеді екен. Бір-екі жыл бұрын бұл көрсеткіш 1:500 тең болатын.

«Психологиялық қызмет қазіргі кезде алдыға шығып отыр. Бұл баланы  оқыту және дамыту үдерісі ғана емес. Мәселен, біздің оқулықтарымыздың өзін алайық. Оларда ол баланың жас мөлшеріне сәйкес келе ме, келмей ме, қандай да болсын сурет оған қалай әсер етеді деген психологиялық сараптама жоқ»,- деп атап өтті ол.

 Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін оның қатысушылары іс-шараның қорытындысын жасады. Соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстанда отбасылық тәрбиелеуге айрықша назар аударыла басталғанына қарамастан, жыл өткен сайын, отбасылық тәрбие мәселесіне деген қызығушылық артып келеді. Бірақ осыған қарамастан нәтижесі әлі жеткіліксіз. Әрі қарай да осы бағытта жұмыс істеуіміз керек.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары Қазақстанда «психолог» мамандығын халық бұқарасына белсенді түрде енгізу қажет деген пікірге тоқтады. Бүгінде Астанада, Көкшетауда, Екібастұзда, Шымкентте және Қарағандыда бес Орталық Тәрбиелеу Орталықтары қызмет етуде. 4 жыл ішінде психология саласындағы кәсіби біліктілікті арттыру курстарынан Қазақстанның 798 педагог-психологтары өтті. 2014 жылы Отбасылық Тәрбиелеу Институты 924 жуық маманды оқытуды жоспарлап отыр.