Көптеген жаңа білімдердің және технологиялардың өзектілігін орташа алғанда бес жылдан кейін жоғалтатындығы барлығына мәлім. Ал елдегі және әлемдегі қарқынды өзгерістер, біздің балаларымыздың, ата-аналарымыздың және қоғамның құндылық бағыт-бағдарларының дамуына ықпал ететіндігі сөзсіз. Бұл жерде әрине үлкен жауапкершілік мектеп психологтарына жүктеледі, олар өз мамандығының ерекшеліктеріне байланысты, ата-аналардың да, сондай-ақ педагогтардың да психологиялық құзіреттіліктерін көтерумен айналысулары қажет.

Бірақ бұл үшін, ең алдымен психолог маманның өзі баланың толыққанды дамуына қатысты ең өзекті мәселелер бойынша жан-жақты білімі болуы керек. Педагог-психологтар өз білімдерін ғалымдардың ғылыми еңбектерін жүйелі түрде зерттеу арқылы ғана емес, сонымен қатар, зерттелген материалды шолу негізінде де жетілдіру керек, олар өз мектептерінде зерттеу жұмыстарын жүргізген жөн.

Жинақталған педагогикалық тәжірибе, ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгерген психологтар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша жүйеленген қызметті жүргізетіндігін, оқу-тәрбиелеу үдерісінде зерттеу элементтерімен дербес жұмыстарды моделдейтіндігін көрсетіп отыр және мұндай мектептердегі оқу-тәрбиелік жұмысты психологиялық қостау, мақсатты бағытта жүргізіледі, яғни, бұл дегеніміз – білім беру үдерісі табысты өтуде деген сөз.

Психологтар зерттеу жұмыстарын әрдайым саналы түрде жүргізбейтін жағдайлар да кездеседі. Психолог, педагогикалық қызметті ғылыми зерделеуге қатысты жеке мүддесінің ықпалымен аяқ астынан зерттеу жүргізе бастайды. Бірақ, көбіне, диагностикалық зерттеудер және сәйкес түзету жұмыстарын жүргізіп отырған жаңашыл психолог, проблемалық мәселелерге кезіге отырып, осы проблеманың бастапқы себебі туралы сұраққа тап болады.

Ғылыми әдебиеттерге шолу жасап, оны қолдағы проблемамен және жүргізілген зерттеудің нәтижелерімен салыстырып, өзінің ғылыми-зерттеу қызметін бастайды, нәтижесінде мектеп әкімшілігіне кең ауқымды алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру үшін бірқатар ұсыныстар жасайды.

Отбасылық тәрбиелеу институтының тыңдаушылары да осылай етті, бірақ олардың зерттеу жұмыстарын өткізудің негізгі себебі Институт әкімшілігінің талабы болды, бұл – курс жұмыстарына дайындық, өткізу және құрамына әлемдік деңгейдегі атақты психолог ғалымдар кірген, аттестациялау комиссиясының алдында қорғау.

Тақырыпты таңдаған кезде көптеген тыңдаушылар ішкі сезімдерін басшылыққа алды, өйткені ең өзекті проблеманы таңдап қана қоймай, сонымен қатар бұл бағытта жүргізген ғалымдардың еңбектерімен танысып, эмпирикалық зерттеулер жүргізіп, осы проблеманың алдын алу бойынша бірқатар ұсыныстар жасау керек еді.

«Толық емес отбасындағы ана мен баланың қарым-қатынас стилі» тақырыбындағы тап осындай жұмысты Е.В.Носкова (Солтүстік Қазақстан облысы) ұсынды. Зерттелген ғылыми еңбектерді шолу негізінде автор, толық емес отбасында анамен күрделі өзара қарым-қатынастың салдарынан балалардың дамуында проблемалар болады деген гипотеза шығарды. Жүргізген зерттеу нәтижесінде, ана мен баланың өзара қарым-қатынасы дұрыс бағытталған деген қорытынды жасады. Бүгінгі таңда осы тақырыптың өзектілігі сөзсіз , оған дәлел ретінде автор ажырасу, құқық бұзушылықтар статистикасын және құқық бұзушылықтар жасаған балалардың қандай отбасылардан шыққандығы туралы ақпараттарды мысалға алды.

Зерттеуші «өзара қарым-қатынастың басқа да жақтарын анықтау үшін, осы бағыттағы зерттеу үдерісін жалғастыру керек және баланың тұлғасын зерттеуге басты көңіл бөлу керек» деген қорытынды жасады. Біздің ойымызша, Носованың курстық жұмысы психологтарды қазіргі заманғы өзекті проблемалардың бірін шешуге бағыттайды, бұл – отбасылық құндылықтарды дамыту және нығайту негізінде, болашақта толық емес отбасынан шыққан баланы толық отбасын құруға дайындау. 

Сондай-ақ, авторлары өз жұмыстарын аттестациялық комисияға ұсынған жұмыстарға да айрықша назар аударғым келеді. Олар таңдаған проблемалардың өзектілігін түсініп әрбір мектеп психологының әдістемелік қоржынын толтыратын нақты түзету ұсыныстары мен бағдарламаларды ұсынды:

  • А.И. Гудовщикова (Қарағанды облысы) мен М.Б.Ибраимованың (Алматы облысы) «Жоғары сынып оқушыларының бойында бала тәрбиелеуге деген психологиялық-педагогикалық дайындық» тақырыбындағы жұмысы жоғары сынып оқушыларына арналған қызықты тренингтік сабақтар бағдарламасынан тұрады, ол «Психолог сағатын» және отбасылық тәрбиелеу жөніндегі сынып сағаттарының зерттемелерін қамтиды».
  • М.М.Комарова (Шығыс Қазақстан облысы) мен С.К. Шалтекееваның (Жамбыл облысы) «Жоғары сынып оқушыларының бойында отбасы туралы ұғымды қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарты» тақырыбындағы жұмысы әлеуметтік бейімделуге және некеге дайындыққа көмек көрсетуге үндеген, оқушылардың рухани отбасылық құндылықтарының тиімді дамуы үшін сыныптан тыс қызметтің арнайы түзету-танымдық бағдарламаларының қажеттігі көрсетілген ұсыныстарымен ерекшеленді. Оларды жүзеге асыру, тұлғаралық тиімді қарым-қатынас пен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру үшін қажетті психологиялық білімдерді және дағдыларды алу үшін жағдай жасауы керек.
  • А.Жанболатованың (Шығыс Қазақстан облысы) «Жоғары сынып оқушыларының санасындағы отбасылық өмір құндылықтары» тақырыбындағы жұмысы «Біздің барлығымыз есейдік» деп аталатын жасөспірімдердің отбасылық өмірге деген дайындығы бойынша ұсынылған бағдарламасымен ерекшеленді. Бұл бағдарламаның әрі қарай әдістемелік жетілдірілуге және мектеп психологтарына, сынып жетекшілеріне және «өзін-өзі тану» пәнінің оқытушыларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында таралуға үміті бар.

Осы материалды оқығаннан кейін, психологтардың біреуі, барлық жұмыс зерттеуден тұрады деп айтуы мүмкін, солай айқаны дұрыс та болады, өйткені, психологтарға мұғалімдердің педагогикалық тәсілі көмегімен тәрбиелене алмаған оқушылары «тиеді». Ал психологтар, бір жағынан, түзету және психотерапиялық технологияларды меңгеруі қажет болса, екінші жағынан, педагогикалық білім беру үдерісіне де қатысуы керек – мектепте сабақ өткізу керек. Сондықтан да, білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін психологтар, екі рөл атқарады, олар – педагог та, психолог та болады. мұның барлығы мектеп психологы К.Чуковскийдің ертегісіндегідей екі басты Тяни-Толкай кейіпкері сияқты болуды болжайды, ол екі жаққа бірдей қарап, қай кезде қай басын пайдалану керектігін білуі қажет.

Психологиялық-педагогикалық білімді және дағдыларды қосарлай отырып, мектеп психологының үшінші рөлі пайда болады, бұл – зерттеушілік рөл. Бұл жерде оқу бағдарламаларының тиімділігін зерттеу, мектептің проблемалары (балалардың 1 сыныпқа дайындығын зерттеу, балалардың шаршаулары мен үрейленулерін зерттеу, педагогикалық ұжым ішіндегі қарым-қатынасты зерттеу және т.с.с.) бойынша зерттеулер жүргізу үшін диагностикалық зерттеулерді орындау күтіледі. Үшінші рөлдің сапалы орындалу көрсеткішінің өзі ғана, қазіргі заманғы білім беру жүйесінің жаңа формациясының педагог-психологтарын анықтайды.

Бұдан шығатыны, білім беру жүйесіндегі педагог-психологтар қызметтерінің ерекшеліктерінің бірі – сәйкес түзету жұмыстарымен қостай отырып, кейіннен оқу-тәрбиелеу үдерісіне жасалған ұсыныстарды енгізу арқылы, жоспарланған және жоспардан тыс зерттеу жұмыстарын сауатты, кәсіби түрде жүргізе білу және жалпы білім беру жүйесінде жоғары әдістемелік деңгейде шеше білу болып табылады.

 

А.Матаева, Отбасылық тәрбиелеу институтының психологы, әдіскер.