2012 жылы 15 желтоқсанда Отбасылық тәрбиелеу институты педагогикалық мамандардың біліктіліктерін көтеру бойынша отбасылық тәрбиелеу жөніндегі «Бақытты отбасы» республикалық жобасын аяқтады, республикамыздың 14 өңірінен және Астана, Алматы қалаларынан келген 210 маманға «Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші» біліктілігі тағайындалды. Институт түлектерінің қорытынды жиналысында, әкімшілік олардың психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру курстарында алған білімдерін институттың маңызды міндеттерінің бірі –өңірлерде «Отбасылық тәрбиелеу мектептерін» құру арқылы,ата-аналар жұртшылығына берулерін өтінді.

«Отбасылық тәрбиелеу мектебін» құру тұжырымдамасын, өңірлерге арналған осы жобаны жүзеге асыру бағдарламасын, отбасы және отбасылық тәрбиелеу мәселелері жөніндегі тренингтік қызметтің тақырыптарын жасап, оны «Отбасылық тәрбиелеу. Қалай жақсы ата-ана болуға болады» әдістемелік әдебиетімен бекіткен, Отбасылық тәрбиелеу институты, бұл құжаттардың барлығын әрі қарай жұмыс істеу үшін өңірлерге жіберді.

Және де, ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап, жергілікті жерлерде отбасы және отбасылық тәрбиелеу рөлін нығайту бойынша ағартушылық қызметті бастауға тапсырма берді.

Астана қаласында отбасы және отбасылық тәрбиелеу рөлін нығайту бойынша ата-аналармен жұмыс жүргізіліп жатқандығына екі жыл болғанын атап өткен жөн. Білім беру мекемелерінде «Отбасылық тәрбиелеу мектептері» құрылды. Мәселен, №56 және №53 мектеп-лицейлерін атап өту керек. Тек 2012 жылдың өзінде-ақ Астана қаласының ата-аналар жұртшылығымен 35 ашық сабақ-тренингтер өткізілді, оларға 3000 астам ата-ана қатысты. Енді біздің институтымызда отбасылық тәрбиелеу жөніндегі қайта дайындалған мамандардың көмегімен, Қазақстан Республикасының әр облысында мұндай жұмысты ұйымдастырып, өткізудің мүмкіндігі бар. Педагогикалық білімдер университетінің еліміздің өңірлерінде ата-аналарды жаппай оқытуды ұйымдастырудың және өткізудің жылдық жоспарына сәйкес, еліміздің өңірлеріндегі ата-аналар жұртшылығымен отбасылық тәрбиелеу бойынша айы сайын тренингтер өткізу жоспарланып отыр.

Мәселен, 2013 жылы 16 қаңтарда «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті» тақырыбында алғашқы тренингтер өткізілді. Оны Ақмола облысы Ақкөл ауданы Домбыралы ауылындағы М.Горький атындағы орта мектебінде отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Базарбекова Рауза Әнуарбекқызы өткізді. Ал Алматы қаласындағы «ЭТО» шығармашылық зертханасының Балаларды дамыту орталығында отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Дүйсенова Зәуреш Махметқызы өткізді.

Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Базарбекова Рауза Әнуарбекқызы.

Ата-аналармен болған тренингте ата-аналардың жауапкершіліктері туралы мәселе көтерді, мәселенің өзектілігі туралы айтып өтті, 1989 жылы Бас Ассамблея қабылдаған, Балалардың құқықтары туралы Конвенцияда де айтылғандығын еске салды, сондай-ақ Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың біздің дамып келе жатқан мемлекетіміздің дамуы мен қалыптасуында отбасы басты аспектіге ие болатындығы туралы айтқан сөзіне айрықша назар аударды.

Тренингте ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін психологтың сөзінен кейін жүргізілген сауалнама көмегімен тексерді. Ата-аналарға өздерінің қандай педагогикалық деңгейде екендігін анықтау аса қызықты көрінді. Сауалнама жүргізілгеннен кейін алынған нәтижені талқылаған ата-аналар, ең негізгісі – отбасылық тәрбиелеу міндеттерін орындау үшін өзінің жауапкершілігін сезіну болып табылады деген ортақ пікірге келді. Олардың ең бастысы бұл – баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету; баланың денсаулығына қамқорлық жасау; оның қабілеттіліктерін, қызығушылықтарын дамыту; оқыту үдерісіне көмектесу; ұлтжандылыққа және еңбекке тәрбиелеу; мамандық таңдауына көмек беру.

«Жіптер» жаттығуының көмегімен ата-аналарға отбасындағы өздерінің әрекеттерін қайта талдауға мүмкіндік берілді. Ал психолог болса, оларға отбасылық тәрбиелеу жөнінде келесілер сөз болған психологиялық ұсыныстар арқылы көмектесті:

Балаларға, өздерінің күшті екендіктерін заңды тәсілмен сездіруге мүмкіндік беру керек, әйтпесе олар заңсыз түрлерін өздері тауып ала алады – балалармен кеңесу керек, оларға таңдау құқығын беру керек!

Бір мезгілде мейірімді де және қатты да бола білу керек – талап ете отырып, сіз сол сәтте мейірімді және әділ болуыңыз керек!

Тренингтің жұмысына қатысқан ата-аналар: отбасындағы тәрбиенің жоғары деңгейіне жету үшін, педагогикалық мәдениеттің жоғарғы деңгейіне ұмтылу қажет дегенбірыңғай пікір түйді.

Алматы қаласындағы «ЭТО» шығармашылық зертханасындағы балаларды дамыту орталығында отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Дүйсенова Зәуреш Махметқызы өткізген тренинг, мүлдем өзгеше болды. Психолог ата-аналарды балаларымен бірге шақырып, сабақты артерапия әдістемесін қолданып өткізді.

Зәуреш Махметқызының пікірінше, мұндай шығармашылық тәсілдің көмегімен, ата-аналардың мәдениетін арттыруға болады. Тәжірибелік сабақтар жүргізер алдында, психолог бастапқыда балалармен, сосын ата-аналармен әңгімелесті, оның барысында балалар мен ересектер өздерінің үйлерін және өздерінің отбасыларының суретін салатын тапсырманы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Жұмыс аяқталғаннан кейін, психолог ата-аналармен бірге «Менің үйім» және «Менің отбасым» тест-суреттерін зерттеді және талдады. Ата-аналар бала тәрбиесі үдерісінде әр ата-ананың күнделікті қолдануы үшін дайындалған, ата-аналардың педагогикалық мәдениеті деңгейін көтеру жөніндегі жадынама үшін психологқа алғыс айтты.