Отбасы қоғамның маңызды құндылықтарының бірі болып қала береді. Ол өскелең ұрпақтың бойында жақсы өнегелілік, еңбек сүйгіштік, ізгілік қасиеттерді тәрбиелеу және бұл қасиеттерді іске асыруға мүмкіндік жасайтын алаң ретінде қарастырылады.

Отбасы дәстүрі тәрбиелеудің басты институты болып табылады. Бала өзінің жас күнінде отбасынан алғанының барлығын өзінің жадында бүкіл өмірі бойы сақтайды. Тәрбиелеу институты ретіндегі отбасының маңыздылығы, бала онда көп уақыт өмір сүреді және өзінің тұлғаға ықпал ету ұзақтығы бойынша, бірде-бір тәрбиелеу институтын отбасымен салыстыруға болмайды. Отбасында бала тұлғасының негізі қаланады және де бала мектепке жартылай қалыптасқан тұлға болып келеді.

Отбасының айрықша тәрбиелік рөліне байланысты, қалайша бала тәрбиесіне тигізер отбасының жақсы жақтарын арттырып, теріс ықпалын барынша азайтуға болады деген сұрақ туындайды. Ол үшін педагог-психологтардың ата-аналармен әрі қарай жұмыс істеуі үшін, тәрбиелеу ерекшеліктеріне үйрету керек. Өйткені ата-аналар бұрыннан-ақ біздің мектеп психологтарының кәсіби көмектеріне мұқтаж.

Сондықтан да Отбасылық тәрбиелеу институты Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі Қазақстан Республикасының педагогикалық мамандарын қайта дайындау және біліктілігін көтеру бойынша Республикалық жобаны жүзеге асыру бағытындағы жұмысты бұдан әрі де жалғастыра беретін болады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Отбасылық тәрбиелеу институты отбасылық тәрбиелеу жөніндегі педагогикалық мамандардың біліктілігін көтеру бағдарламасын табысты орындап отыр және үшінші оқу курсты шығаруға дайындалып жатыр. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінен «Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілер» мамандығы бойынша 2013 жылы білім алуға ниет білдірген институт тыңдаушыларының тізімі жинақталып жатыр.

Толық оқу курсының бағдарламасы 1000 сағаттық теориялық және тәжірибелік сабақтарды құрайды. Институттың тыңдаушылары оқу бағдарламасының тақырыптарымен танысуды жалғастырады, жетекші псиологтардың дәрістерін тыңдайды, тәжірибелік сабақтарға, тесттерге, ойындарға қатысады, арттерапия, фототерапия, ертегі терапиясы әдістемелерімен танысады, отбасылық педагогика және психология, жанжалтану пәндерімен жақынырақ танысады.

Институттың профессорлық-педагогикалық құрамын Н.А. Цветкова, И.В. Вачков, Ж.И. Намазбаева, Л.Д. Лебедева, С.А. Попов, С.В. Покровская, Г.В.Новикова, О.В. Хухлаева, С.В.Кривцова, А.В. Цветков, А.А.Кучер, А.А. Улановский тәрізді психология, педагогика, философия саласындағы белгілі ресейлік және қазақстандық ғалымдар құрайды.

Біздің тыңдаушыларымызды алда қызықты төрт сесия күтіп тұр. Институтта білім алу барысында тыңдаушылар зерттеу жұмыстарына қатысады, рефераттар, эсселер, курстық және аттестациялық жұмыстар жазады, отбасылық тәрбиелеу, отбасылық педагогика және психология бойынша ашық сабақтар-тренингтер әзірлейді және өткізеді.

Республикалық жобаны аяқтау және тыңдаушылардың үшінші легін шығару 2013 жылғы желтоқсанда жоспарланып отыр.

Біздің еліміздің бірде-бір институты мектеп мамандарына мектептің ата-анамен ынтымақтастығының дәстүрлі және жаңа, заманауи түрлері туралы мұндай ақпарат ұсынбайды, оларды дәрістік сабақтар, интерактивтік семинарлар, пікірталастар, «дөңгелек үстелдер» және тренингтер өткізу үшін материалдармен жарақтандырмайды. Тыңдаушылардың Отбасылық тәрбиелеу институтынан алған барлық материалдарында, ата-аналарға да, сонымен қатар білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін мамандарға да арналған көптеген жадынамалар, пайдалы кеңестер бар. Бұл жобаға қатысқан ғалымдар, тәжірибе көрсетіп отырғандай, ата-аналар арасында қиындық туғызатын отбасылық тәрбиелеу проблемаларын барынша жан-жақты қарастыруға тырысады.

Отбасылық тәрбиелеу институты өз қызметін тікелей отбасымен және отбасы арқылы жасайды және жүргізеді! Біздің ойымызша, отбасының бала тұлғасының қалыптасуына ықпалы аса маңызды, бұл әсіресе біздің қазіргі заманымызда айрықша маңызды болып отыр!

 Е. А. Фуст, психолог