2013 жылғы 16желтоқсанда Астана қаласы Алматы ауданының АХАЖ-ыңда Отбасылық тәрбиелеу институты «Біргеміз» аттыжас жұбайлар мектебінде неке қиюға өтініш берген 2 жұппенкезекті тренинг-сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы «Отбасы аясында. Отбасы, оның міндеттері, дәстүрлері мен қастерлі мұрасы туралы кеңейтілген ұғым». Сабақты отбасылық тәрбие жөніндегі психолог-кеңесшілер Құзырова Бағира Балтабекқызы және Мұратбекова Альмира Кеңесқызы өткізді. Тренинг жас жұбайларға отбасы және оның міндеттері туралы кең түсінік беріп, отбасылық дәстүр мен қастерлі мұрасының маңыздылығына тоқталып, болашақ отбасында берік және үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастыру негіздеріне үйрету мақсатында өтті.

 

 

Сабақтың бастар алдында психологтар жастармен танысып, олардың отбасылары туралы мағлұмат алды.

Жетекші Құзырова Бағира отбасылық бақыт пен берекесінің ажырамас белгісі болып табылатын, отбасылық дәстүрлер тақырыбының мазмұнын кеңінен ашып берді. Оның сөзінен жастар ынтымағы жарасқан берік отбасында дәстүрлер болғанын және міндетті түрде болатынын біліп, олардың отбасындағы әр мүшесінің адамгершілік ұстанымын білдіретінін түсінді. Көптеген дәстүрлер ұрпақтан ұрпаққа беріліп, оларды қоғамдағы жас отбасылар толығымен қабылдап жатады.

Біздің қайсымыз болсын, отбасының бір мүшесі шалғайда болғанда, оны үйде әрдайым күтетінін, түсінетінін, қандай қиын сәттер болса да оған қолдау мен көмек көрсететіндігін білсін деген мақсатта, отбасымызда жайлы жағдай, қонақжайлық ахуалды жасауға тырысамыз. Сондықтан да әр отбасында, кейіннен балалардың ересек өмірге және өз отбасыларына бірге алып өтетін дәстүрлері болуы тиісті. Баланы ұйықтатар алдында ән салу, ертегі айтып беру, «демалыс кезіндегі отбасылық түскі ас» - осының бәрі де болашақта берік отбасын құру үшін аса маңызды болмақ. Сонымен бірге осылардың барлығы отбасында жайлы жағдай, достық ахуал, тұрақтылық пен өзара түсіністікті орнатады.

 Ал психолог Мұратбекова Альмира жас жұптарға отбасылық дәстүрлердің түрлері қандай болатындығын айтып берді.Мәселен, тату-тәтті, бақытты отбасының мынадай дәстүрі болуы мүмкін – отбасының мүшелеріне ғана түсінікті болатын «ерекше» сәлемдесу сөзі.Егер отбасы мүшелері бір-бірімен сәлемдесу барысында біреуі сөздің жартысын айтып, ал екіншісі оны аяқтаса, аса қызықты болар еді. Қоштасу кезінде де осылай жасауға болады. Отбасы мүшелері бір-біріне күнделікті айтатын қызықты тілектерді ойлап табуға болады.

Психолог сабағын аңыз әңгімемен жалғастырды: Ертеде махаббат пен татулықта өмір сүрген бір отбасы болыпты.Бұл отбасы туралы хабар сол елдің патшасына да жетіпті.Патша сол отбасының отағасын шақырып «Бір-біріңізді ренжітпей, ұрыс-керіссіз қалайөмір сүресіз?» деп сұрақ қояды. Қарт қолына қағаз алып, бір нәрсе деп жазады, ал патша қағазды алып қараса, ТҮСІНІСТІК деген сөз жүз мәрте жазылған екен.

АльмираКеңесқызы, егерде жас жұбайлар бір-бірін түсінуге және бір-бірін сүюге тырыспаса, олардың ешуақытта бақытты отбасын құра алмайтындықтарына жастардың назарын аудартты. Отбасында жанжалдарға жол бермеу керек және отбасылық мәселелерді шешуше ешуақытта басқа адамдарды қатыстырмаған жөн.

«Ассоциациялар» жаттығуы жас жұптарға аса қатты ұнады. Оны орындау барысында, болашақ отағасы қалыңдығына болашақтағы өз отбасын қалай елестететінін айтып, өз отбасының қамын ойлап, сәбилері дүниеге келгенде келіншегіне көмектесетіндігіне, демалыс күндерін отбасымен өткізетініндігіне, соның ішінде отбасымен табиғат аясына шығатындығынына уәде берді.

«Отбасылық парыздар» жаттығуы, әр жұптың бірігіп, олар үшін ең маңызды болып табылатын, отбасылық құндылықтарға негізделген отбасы кодексін құруға мүмкіндік берді. Жүргізілген тапсырманың нәтижесі бойынша жас жұбайлардың пікірлері, психолог дайындаған ұсынымдармен сәйкес келді.

  • Отбасы «біз» деген сөзден басталады, сондықтан өз-өзіңізге талапшыл болыңыз;
  • Адам үшін емес, адаммен бірігіп шеш;
  • Өзіңнің артықшылығыңды көрсетпе, серіктесіңді сыйла;
  • Жұбайының достарының досы бол ;
  • Сынай отырып, кінәлама, сөкпе, намысын таптама;
  • Жақсылық істеуге тырыс, бірақ ол үшін алғыс күтпе;
  • Өзі өтірік айтатын адам ғана, өзгеге сенбейді;
  • Өзі опасыздық туралы ойлаған адам ғана, қызғанады;
  • Шыдамды бол, ашуыңды көрсетуге асықпа, ойлан, жұбайыңды түсініп кешіруге тырыс;
  • Жұбайыныңжақсы жақтарынізде, оған жақсы қасиеттері туралы айт;
  • Жұбайын кінәлі екендігіне сенімді болсаң, ондакінәні өзіңнен ізде;
  • Ақыл сұрамағанға,ақыл айтпа;
  • Ұрыс, жанжал болған жағдайда, татуласу үшін алғашқы қадамды өзің жаса;
  • Махаббат пен өзара түсіністік – отбасылық бақыттың негізі.

Жас жұбайлардыңотбасылық бақытты өмірді моделдеу туралы жақсы пікірлерін тыңдай отырып, мұндай сабақтар жастардың жаңа отбасы мәртебесі әлемінде болуға көмектесіп, олардыңотбасы және отбасылық құндылықтар туралы жаңа білімдерге қол жеткізіп, отбасылық өмірге сеніммен нық қадам басуларына көмек береді деген қорытынды жасауға болады.Ал ең бастысы, тренинг барысында жастар өз жан дүниесін ашып, өз отбасынан мысалдар келтіріп, болашақ отбасылық өмірге аффирмациялар айтып берді.

 

Ақпаратты дайындаған: Өмірова Айнұр Оралбекқызы - Отбасылық

тәрбиелеу институтының бас маманы.

 8 (7172) 94 96 77