«Салауатты ұрпақтың психологиясы» Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар Петропавлда елдің 14 өңірінен келген мектеп психологтарын жинады.

Ағымдағы жылдың 25-26 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Отбасылық тәрбиелеу институтымен бірлесіп «Салауатты ұрпақтың психологиясы» ғылыми-тәжірибелік семинарын өткізді.

Өскелең ұрпақтың психологиясы соңғы жылдары қоғамдық қызметтің түрлі салалары мамандарының назарын өзіне аудартуда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдары денсаулық сақтау саласындағы баланың және жасөспірімнің денсаулығын сақтаудың ең перспективалық учаскесі ретінде мектепті таңдады.

Қазіргі кездегі де, сондай-ақ болашақтағы да халықтың сапалық және сандық сипаттамасы, оның 30,40,50 жылдан кейінгі әлеуметтік даму құрылымы және әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері, қазіргі заманғы балалардың денсаулығына байланысты.

90 жылдардағы өсекелең ұрпақтың білімділігін, денсаулығын, мәдени-әлеуметтік бағалануын, 2010-2040 жылдардағы шындықтың қандай болатындығынан болжауға болады.

Балалық шақта тұлғаның іргетасы қаланады, оның негізгі қасиеттері: физикалық және психикалық денсаулығы, мәдени-өнегелік және ақыл-ой әлеуеті қалыптасады.

Балаға, әсіресе, оның алғашқы сәтінен бастап дарыған қасиеттер, ең маңызды, әрі ең берік болып саналады; оларды кейіннен өзгерту өте қиын, ал кейбір жағдайларда, тіпті бұл мүмкін емес болады.

Қазіргі кезде біздің қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік ахуал, өскелең ұрпақ үшін көптеген қауіпті факторларды туғызып, шешуді талап ететін бірқатар проблемаларға әкелді. Білім беру саласын жаңғырту тұжырымдамасында денсаулықты сақтау технологияларына, білім беру мекемелеріндегі балаларды психологиялық қостау, психологиялық денсаулықтарын сақтау және нығайту мәселелеріне маңызды рөл берілген.

Қазіргі кезде жағдайын шектеулі салыстырмалы норма ретінде сипаттауға болатын және «психикалық ауру емес, бірақ психологиялық жағынан сау емес» деп жіктеуге болатын балалар әлі күнге дейін көру өрісінен және жақсы қатынастан тыс қалып отыр.

Психологиялық денсаулық мәселелеріндегі құзіреттіліктің болмауы, айналадағы социум қаншалықты тілектестік қарым-қатынаста болғандығына қарамастан, адамды заңды түрде әлеуметтік бейімсіздендіруге әкеледі. Мінез-құлықтың бейімсізденуінің алдын алудың ең тиімді құралы ретінде, тұлғаның психологиялық мәдениеті болып табылатындығы мәлім. Оқушылардың бойында, салауатты өмір салтына деген және олардың мінез-құлық түрлерін қамтамасыз ететін, қажеттіліктерді қалыптастыру, психологиялық әдістер және денсаулықты нығайту және дамыту құралдарының көмегімен табысты жүзеге асырылуы мүмкін.

Біздің ойымызша, мектеп психологының айналысатын іс-әрекетінің барлығы, білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығының (балалардың, ата-аналардың және педагогтың) психологиялық мәдениет деңгейін арттырады. Ал денсаулық психологиясының міндеті: денсаулықты сақтау және нығайту, оның комуникативтік мәдениетін арттыру, өзін-өзі жүзеге асыруға арналған жолдарды және шарттарды анықтау, оның шығармашылық әлеуетін ашу – мектеп психологының міндеттеріне сәйкес келеді.

Семинар жұмысының негізгі мақсаты – мектептің, жұртшылықтың, шенеуніктердің, ата-аналардың, педагоггтардың, педагогика және психология саласындағы ЖОО студенттерінің назарын, балалардың, біздің жаңа ұрпағымыздың психикалық денсаулығы проблемасына аударту.

Семинарда ұсынылған жұмыстың әдістері, нақты техникасы және тәсілдері, өздеріңіздің педагогикалық тәжірибелеріңізге енуі мүмкін, сондай-ақ олар оқушылардың және олардың ата-аналарымен болған сабақ барысында сынақтан өтті.

Еліміздің 14 өңірінен келген 200 психолог ғылыми-тәжірибелі семинардың екі күндік жұмысының қатысушылары болды. Қонақтарды Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының бастығы Білім басқармасының бастығы Бикенов Нұрболат Өтегенұлы және Петропавл қаласының «Қазақ мектеп-гимназиясы» КММ директоры күтіп алды. Семинар аталмыш гимназияда өтті.

Семинардың бағдарламасы екі бөлімнен тұрды. Біріншісі – ғылыми-тәжірибелік бөлім, оған еліміздің психологтары, ғалымдары, Отбасылық тәрбиелеу институтының оқытушылар құрамы, академиктер: Намазбаева Жамилә Ыдырысқызы, Қазкенов Қазбек Майлыбайұлы; профессор- Евдокимова Софья Львовна, психология ғылымдарының кандидаттары –Ізбақова АйжанТоқжанқызы, Садықова Әнел Болатқызы, тәжірибелі психолог-тәжірибешілер, мектеп директорлары, еліміздің Отбасылық тәрбиелеу орталықтарының директорлары қатысты. Бағдарламаның бірінші бөлімінде семинарға қатысушылар келесі тақырыптармен танысты:

1.«Өскелең ұрпақтың психологиялық денсаулығы мәселелері және оларды шешу жолдары».

Намазбаева Жәмилә Ыдырысқызы ЖМХҒА академигі, психология ғылымдарының докторы, профессор, Абай ҚазҰПУ Психология ҒЗИ директоры, Алматы қ.

2. .«Денсаулық психологиясы, қоғамның тұрақтылығының факторы ретінде. Ұйымдарда және оқу ұжымдарында денсаулықты нығайту жөніндегі жұмыс тәжірибесінен».

Немцан Татьяна Николаевна – Ақмола облысы Аршалы ауданының Вячеславка орта мектебінің директоры.

3. «Стратегия -2050, өмір сапасының ұлттық стандарттары туралы. Психологиялық денсаулық және оның физикалық денсаулықпен өзара байланысы».

Қазқенов Қазбек Майлыбайұлы – ХЭҚҒА академигі, профессор, философия докторы, «Нұр Отан» ХДП АҚФ ӘБТБО басшысы, Астана қ.

4. «Психологиялық денсаулық – психологтың мақсаты және табысты жұмысының критерийі ретінде».

Ізақова Айжан Теңдікқызы – психология ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясының әлеуметтік саясат кафедрасының доценті.

5. «Психологиялық денсаулықтың бұзылуын жіктеу және балалармен жасалатын түзету жұмыстарын ұйымдастыру».

Сәрсекеева Юлия Ивановна – Отбасылық тәрбиелеу орталығының директоры, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші, Көкшетау қ.

6. «Буллинг – мектепке ұйым ретіндегі қарсылық білдіру».

Евдокимова Софья Львовна – профессор, «Салауатты Қазақстандық» РҚҰ президенті, Отбасылық тәрбиелеу институтының Бас директоры, Астана қ.

7. «Білім беру жүйесіндегі денсаулық сақтау психотехнологиялары».

Садықова Әнел Болатқызы –психология ғылымдарының кандидаты, Абай ҚазҰПУПсихология ҒЗИ әлеуметтік жүйелеріндегі психолог –тәжірибеші, Алматы қ.

8. «Отбасылық тәрбиелеу, құқық бұзушылықтардың алдын алу ретінде».

Сакара Алена Юрьевна- психолог-кеңесші, Отбасылық тәрбиелеу орталығының директоры, Екібастұз қ.

9. «Олардың жеке қауіпсіздігі сезімдерін бастан кешірулерін есепке алғандағы, жастардың және жасөспірімдердің тұлғалық дамуы».

Калатур Людмила Сергеевна – психолог-кеңесші, Отбасылық тәрбиелеу орталығының директоры, Шымкент қ.

Семинардың екінші бөлімі тәжірибелік бөлімнен құралды бұл – келесі тақырыптар бойынша психологтар-тәжірибншілердің СЕГІЗ шеберлік сыныптары:

- Денсаулықты сақтаушы психотехнологиялар;

- Баланы психологиялық-педагогикалық қостауда отбасының және мектептің бірлескен күш-жігерлерін үйлестіру;

- Ата-аналардың және балалардың салауатты өзара қарым-қатынастары мен өзара әрекеттестіктерін құру;

- Бейпілауыздық);

- Отбасылық тарихты жаңғырту, психологиялық түзету жұмысындағы тиімді құрал ретінде;

- Отбасылық тәрбиелеудің стилдері және оның бала тұлғасының қалыптасуына ықпалы;

- Балаларды оқытудың түрлі кезеңдерінде денсаулық мәдениетін қалыптастыру: тәжірибелік сабақ.

Шеберлік сыныптарында көрсетілген семинар сабақтарының материалдары бұл – мектептегі тәрбиелік жұмыстың сапасын арттыратын, психологиялық денсаулық тақырыбы қызықтыратын педагогтардыңынтасын артыруға мүмкіндік беретін, мектеп психологтарына арналған тәжірибелік жұмыс.

Кездесудің қорытындысы бойынша, семинарға қатысушы психологтар ұсыныстар жасады және қабылдады және семинардың жалпы рефлексиясын өткізген кезде ұйымдастырушыларды, республиканың білім беру мекемелерінің психологтары үшін аса маңызды тәжірибелік семинар үшін алғыстарын білдірді. Бір пікірді оқуға ұсынамыз.

Құрметті республикалық семинарға қатысушылар!

Құрметті әріптестер – мектеп психологтары!

Семинарға қатысқандығыма қобалжып, әрі толқып тұрмын!

Бірінші рет мұндай деңгейдегі семинарға біздің Республикамыздың барлық облыстарынан келген педагог-психологтар жиналып отыр.

Шеберлік сыныптарына қатыса отырып, ешнәрсені жіберіп алмауға, барлығын есте ұстап, жазып, егерде үлгермесек, кодтап алуға тырыстық. Соныымен қатар Отбасылық тәрбиелеу институтында білім алатын әріптестеріме қызыға да, қызғана қараймын. Олар қанша қызықты, қызықтыратын сабақтар оқиды, қандай тамаша оқытушылардан білім алады.

Барлық идеялар мен бастамалар бір ғана нәрсеге, адам өміріндегі ең маңызды нәрсеге – отбасыға арналған! «САЛАУАТТЫ ОТБАСЫ – САЛАУАТТЫ БАЛАЛАР» болатындықтан-ақ, ата-аналармен жұмысты оңтайландыру керек! Менің өзімде Отбасылық тәрбиелеу институтының жанындағы біліктілікті көтеру курсын оқып алуға тырысатын боламын.

Екі күн бойы біз үшін «кәсіби білімдер диетасы» ұсынылды! Мен тағы да, кәсіби мамандардың «диетасы» деп қосқан болар едім: Татьяна Николаевна – супер креативті мектеп директоры, Әнел Болатқызы – өз кәсібіне берілген психолог-тәжірибеші, Гүлнәр Өмірсерікқызы – мейірімді мәнерлер оқытушысы, Юлия Ивановна – эмоционалды және түсінігі мол әріптес, Людмила Сергеевна – «психолог қобдишасының» әміршісі, Айжан Теңдікқызы – кәсіби мамандар әлеміндегі жетекші.

Алған білімдерге зерделеп, өзімнің «эмоционалдық күнделігіме»:

МЕН БАҚЫТТЫМЫН, өйткені қанша жағымды эмоциялар, энергиялар алдым!

МЕН БАҚЫТТЫМЫН, өйткені өзіме қажет тәжірибелік ақпаратқа ие болдым!

МЕН БАҚЫТТЫМЫН, өйткені мен қызықты, креативті, өзі ісіне берілген оқытушылармен жұмыс істеймін!

МЕН БАҚЫТТЫМЫН, өйткені ақылды, әдемі, көңілді әріптестеріммен –психологтармен жұмыс істеймін!

МЕН БАҚЫТТЫМЫН, өйткені алған білімімді оқушыларға, педагогтарға және ата-аналарға көмектесу үшін пайдалана аламын және пайдаланғым КЕЛЕДІ!

МЕН БАҚЫТТЫМЫН, өйткені, өзімді жаңа идеяларға және бастамаларға толымын деп сезінемін!

МЕН БАҚЫТТЫМЫН, өйткені, баршаңызға өзімнің алғысымды білдіргім КЕЛЕДІ!

МЕН БАҚЫТТЫМЫН, өйткені, мен кәсіби өсіп келемін!

МЕН БАҚЫТТЫМЫН, өйткені, мен педагог-психолог болып жұмыс істеймін!

Мен психологтың жолы бұралаңы көп және өтуі қиын жолдардан және соқпақтардан тұратынын білемін. Бірақ осының өзінен де, мен өзімді одан әрі бақытты және қажетті сезінемін,-деп жазып қойдым.

Біздің жұмыс бұл – кеткіміз келмейтін үй, тұнжыраған күні күннің көзіне дейін жеткізетін баспалдық, барлығының кіргісі келетін есігі және өте кеш деп ойлайтындар үшін, жарығы сөнбейтін терезе...

Барлығыңызға табыс, сәттілік және батыл идеялар мен бастамалар тілеймін!!!

Бұл 16 жылдық жұмыс тәжірибесі бар психологтардың бірі Петропавл қаласындағы Бірінші гимназияның Психологиялық қызметінің жетекшісі Якимова Ирина ханымның сөздері.

Бұл пікір біздің ойымызша, семинарды өткізудің ұйымдастырушылық тұрғысындағы да, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық білімді көтеруде психологтарға тәжірибелік көмек көрсету тұрғысындағы орасан зор еңбектің бағасы болған сияқты. Олар мұны өзінің кәсіби шеберлігін әрі қарай жетілдіре отырып, өз жұмысында табысты пайдалана алады.

Сөзсіз, мұндай ғылыми-тәжірибелік семинарлар психологтардың кәсіби деңгейлерін көтереді, өйткені ол психология саласындағы жаңа техникалармен және әдістермен танысу, кәсіби тәжірибе алмасу, ал ең бастысы –жаңа достар табуға, кәсіби мамандар ортасынан пікірлестерін табуға мүмкіндігін береді.

 

 Л. Набитовская

 

«Салауатты ұрпақтың психологиясы» Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинардың фоторепортажы. Бірінші бөлім.