Бүгін 2013 жылы 19 сәуірде Павлодар қаласында «Отбасылық мұқтаждықтың және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша ҮЕҰ және мемлекеттік органдардың күш-жігерлерін шоғырландыру» тақырыбындағы ҮЕҰ және жетім балаларға және ата-анасыз қалған балаларға арналған ұйымдар басшыларының Республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа қатысқандар:

Әбдіхалықова Гүлшара Наушақызы - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республиксы Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының Төрайымы.

Шер Раиса Петровна – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балаларды қорғау жөніндегі комитетінің Төрайымы. Комитет жанындағы ҮЕҰ кеңестік-алқалық кеңесінің Төрайымы.

Әбдіхалықов Арслан Дайкенұлы - Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

Іс-шара «Бота» Қорының атқарушы директоры Аарона Борнстинаның, Қазақстандағы БҰҰ Бала қоры (ЮНИСЕФ) Төрағасының орынбасары Родислава Жехаканың, Орталық Азиялық Еуразия Қорының атқарушы директоры Р.С.Темірбекованың, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган өкілдерінің, мәслихат депуттатарының, ҮЕҰ Кеңесі мүшелерінің, жетім балаларға және ата-анасыз қалған балаларға арналған ұйымдар директорларының Республикалық кеңесінің, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ қатысуымен өтті.

Отырыста отбасы институтын нығайту, отбасылық мұқтаждықтың және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша ҮЕҰ және мемлекеттік органдардың күш-жігерлерін шоғырландыру мәселесі талқыланды. 

ҮЕҰ Кеңесінің мүшелері қоғамдық амандық, отбасын нығайту, балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін шешудегі өздерінің қатыстылығы үшін жауапкершілікті мойындайды.

ҮЕҰ отбасы институтын нығайту, отбасылық мұқтаждықтың және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселесіндегі мемлекеттік органдармен күш-жігерді бірлестіруді, өзінің ең басты міндеттерінің бірі деп санайды.

Отырыста «Буллинг – мектепке ұйым ретіндегі үндеу тастау» тақырыбымен Отбасылық тәрбиелеу институтының директоры Евдокимова Софья Львовна сөз сөйледі және буллингті және моббингті зерттеу жөніндегі бағдарламаны жасауға ұсыныс жасады.

Қазіргі заманғы қазақстандық ұстаздың басынан кешіретін, жағымсыз уайымдардың «жинағында», оқушылар тарапынан болатын, зорлық алдындағы әлсіздік айрықша орын алады. Әрбір жеке ұстаз қандай да бір деңгейде болсын, балалар ұжымдарында орын алған зорлықтан өзін қорғай алатын қорғаныштың жоқтығын өз басымен сезінеді.

Бұл мектеп ұйым ретінде, оқушылардың билік құмар мінез-құлқына және соның ішінде буллингке – бір оқушыны, басқаларының қудалауына қарама-қарсы тұруы үшін өзіне жауапкершілік жүктемейтіндігінен болады.

Буллерлердің (буллингтің бастамшыларын осылай атайды) әрекеті, басқа балалардың көз алдында өтеді, ал бұл болса, «көремендерге», жалпы мектептің ахуалына жағымсыз ықпал етеді. Бұл ұстаздардың әлсіздігін, ал кейіннен агрессиясын тудырады. Ал буллингтің құрбандарына келер болсақ, оларды барынша қадағалап тексереді. Психологиялық зерттеу көрсеткендей, құрдастары тарапынан болған қудалау (әдетте, шеттету түрдегі), жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсауға әкеледі.

Буллинг дегеніміз –бір баланың, екінші балаға қарсы агресиясы, бұл жерде агрессордың және оның құрбанының күштерінің теңсіздігі орын алады, агрессияның қайталану үрдісі болады, ал құрбанның жауабы көрсеткендей, болып жатқанның барлығы оның шамына қатты тиеді.

Қасақаналық, Агрессордың және оның құрбанының күштерінің теңсіздігі, қайталанушылық, құрбанның тым сезімтал жауабы – буллингтің төрт маңызды белгісі. Буллинг алуан түрлі, бұл тек физикалық агрессия ғана емес, көбіне және жиі психологиялық...

Бүгінгі таңдағы қазақстандық мектептерді ұйымдастырушылық басқару, заманауи социумның қарсылығына жауап қайтаруға үйренуі керек.