Көкшетау қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығында ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға, отбасылық құндылықтарды және отбасындағы дәстүрлерді, өзара қарым-қатынастарды нығайту және сақтау, қазақстандық қоғамда психологиялық салауатты тұлғаны тәрбиелеу мақсатында, ата-аналарға арналған Педагогикалық білімдер университеті ашылды. Бұл бастаманы «Нұр Отан» ХДП Көкшетау қалалық филиалы қолдады.

Халықаралық Отбасы күні қарсаңында, 13 мамырда университетте алғашқы сабақ өткізілді. Оған қалада әртүрлі қызмет салаларында жұмыс істейтін ата-аналар қатысты, бұлар - партия өкілдері, қалалық білім беру басқармасының, кәсіпорындардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері. Университеттің ашылуына Отбасылық тәрбиелеу институтының бас директоры Евдокимова Софья Львовна және институт директоры Набитовская Любовь Николаевна қатысты. Сабақ тек ақпараттық ғана емес, сонымен қатар, ол тәжірибелік сипатта да болды, ол тренингті түрінде өткізілді. Тренингті отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші, Көкшетау қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығының директоры Сарсекеева Юлия Ивановна жүргізді. Кездесуге «Нұр Отан» ХДП Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.С.Ғайса мырза да қатысты. Ол Отбасылық тәрбиелеу орталығы бастаған бұл игілікті істі қолдайтындығын атап өтіп, қалалық қоғамдағы отбасы және отбасылық тәрбие мәртебесін нығайту, соның ішінде, ата-аналардың отбасылық педагогика және психология жөніндегі функционалдық сауаттылықтарын арттыру, педагогикалық мәдениеттерін арттыру бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру ісіне көмек және қолдау жасауға уәде берді.

Институттың бас директоры С.Евдокимова жиналғандарды осыдан үш жыл бұрын өзі құрған Отбасылық тәрбиелеу институтының мақсаттарымен және міндеттерімен таныстырды, оның қызметі және даму келешегі туралы әңгімелеп берді, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының басшылығына қаладағы ата-аналармен ағарту жұмыстарын жүргізу үшін, соның ішінде ата-аналар жұртшылығына отбасылық тәрбиелеу проблемалары бойынша психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін, орталыққа орынжайдың бөлінуін сұрап өтініш жасады.

Ата-аналар жұртшылығымен осы бағыттағы жұмысты колледж директорлары, тележүргізуші Н.Г.Дементьева, «Зият Қор» ҮЕҰ төрағасы Б.К.Ыбыраев қолдады. Бірінші кездесуге 40 ата-ана келді. Ақпараттық блокты мұқият тыңдағаннан кейін, психолог тренингтің тәжірибелік жағына өтті. Ол қатысушыларға педагогикалық мәдениет деген ұғым нені білдіретінін түсіндірді және қатысушы ата-аталардың педагогикалық мәденииеттерінің деңгейін анықтауға тест жүргізді. Әрине, ата-аналарда тек психологқа ғана емес, сонымен қатар өздеріне деген сауалдар да туындады. Өздерінің педагогикалық деңгейлерін арттыру үшін не істеу керек? Сұраққа жауап табылды. Ол - ата-аналарға арналған, Педагогикалық білімдер университетіндегі отбасылық тәрбиелеудің 25 тақырыбы бойынша ұсынылған тақырыптар. Осы жерде 2014 жылдың наурызына дейінгі сабақтарды өткізу кестесі де бекітілді.

Ата-аналарға арналған «Қазақстандық отбасындағы отбасылық әдет-ғұрыптар және салт-дәстүрлер» тақырыбы бойынша кезекті тренинг 2013 жылы 3 маусымда өтетін болады.

 

 Л. Набитовская