Екібастұз қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығы Павлодар облысы педагогтарының тамыз конференциясының жұмысына қатысты.

Орталық жетекшісі, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші, институт тыңдаушысы А.Ю. Сакара «Отбасы, қоғам мен мектеп бірлігінің маңызын арттыру» педагогикалық коллоквиумінде «Балалардың рухани қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отбасының рөлі» тақырыбында сөз сөйледі. Коллквиум Павлодар педагогикалық колледжінің негізінде өткізілді. Кездесуге  қалалық білім беру бөлімдерінің мамандары мен әдіскерлері, ОБМ Отбасын қолдау қызметтерінің басшылары, ата-аналар комитеттерінің және қамқоршылық кеңестердің төрағалары, Әкелер кеңесінің төрғалары, ата-аналар жұртшылығы қатысты.