Екі күн бойы Отбасылық тәрбиелеу орталығының қызметкерлері, Астана қаласындағы Тамыз педагогикалық  конференциясының көрмесінде институтты таныстырып, шеберлік сыныптарын өткізді.

Институт директоры Л.Набитовская  көрме қонақтарына институт жұмысын таныстырды,  даму келешектері мен институт атқарып отырған республикалық  бағдарламалар туралы айтты, авторы С.Евдокимова болып табылатын, институт  дайындаған, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі әдістемелік әдебиетті ұсынды. Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілер М.А. Рүстімова, А.О.Өмірова, А.Т. Матаева  екі күн бойы көрмеге қатысушы – Астана қаласының педагогтарымен жұмыс істеді, ата-аналармен өткізілетін психологың кеңесінің қалай жүргізілетінін көрсетті, «Отбасының генограммасы», «Түймелер», «Аффирмациялар», «Менің отбасым гүл ретінде», «Менің өмірлік сценариім» және т.б. әдістемелерінен алынған әртүрлі психологиялық жаттығуларды пайдалана отырып, диагностикалық және әдептілікке баулу жұмыстарын жүргізді.

Көрмеде жұмыс істеу үшін институтға бөлінген секция, екі күн ішінде педагогтарға ұдайы толы болды.  

Олар отбасы мәртебесі мен отбасылық тәрбиелеуді нығайту бойынша қазақстандық қоғаммен ауқымды, мақсатты бағытталған жұмыс жүргізіп отырған институтпен танысқандарына аса қуанышты болды. Ұстаздар өз пікірлерін «Пікірлер кітабына» жазып қалдырды, мәселен: №30 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі: «Айнұр Оралбекқызы мен Алтыншаш Түменбайқызы маған қатты әсер қалдырды. Ол кісілер бізге отбасылық тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу жайлы алға мақсат қоя білуге бағыт-бағдар берді. Айнұр және Алтыншаш өте жылы жүзді, мәдениетті, адамды бірден өзіне баурап алады. Мен сіздердің институттарыңызға және мамандарыңызға бақыт, жылылық, табыс, татулық тілеймін!  Айнұр мен Алтыншаш өз ісінің нағыз мамандары».

Көрме өткізу кезінде институт қызметкерлері кеңеске қатысушыларға, педагогтарға арналған: «Қалайша жақсы ата-ана болуға болады?», «Ата-аналардың баланы қорқытуы неге әкеледі?», «Баланы қалайша сектаның ықпалынан сақтауға болады?», «Бақытты отбасының 10 өсиеті», «Қалайша жақсы ана мен жақсы әке болуға болады?» жадынамаларын, Отбасылық тәрбиелеу институтының күнтізбелерін, буклеттерін, тренингтерге  шақыртуларды таратты.

Көрмеге қатысқаны үшін институт қызметкерлері Астана қаласы Білім беру басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

 Ақпаратты дайындаған: А.О.Өмірова

телефоны: 87172 94-99-61