22.08.2013 жылы Астана қаласының №60 мектеп-лицейінде өткен, кезекті, Астана қаласының педагогикалық мамандарының тамыз кеңесінің мектеп директорларына арналған секциялық отырысында Отбасылық тәрбиелеу институтының кеңесшісі, психолог-кеңесші А.Т.Матаева  осы заманғы ең өзекті проблемалардың бірі – толыққанды және жан-жақты дамыған тұлғаны дамыту үшін, ең оңтайлы жағдайды жасау,  қала мектептерінің педагогтарының және психологтарының айрықша назар салуын қажет ететін, мәселелердің бірі - білім беру мекемелеріндегі буллингтің байқалуы мәселелерін көтерді.

 

Буллинг (ағылшын тілінде bully — мазақтау, қорқыту -  ұжымның, әсіресе мектеп ұжымының бір мүшесін агрессивті қудалау) құбылысы бұл – әлеументтанушылар мен психологтар ойлап тапқан жаңалық емес. Бұл проблеманың өзектілігі, бүгінгі күні қазақстандық қоғамда балалар арасында қаталдықтың және  ересектер тарапынан немқұрайдылық байқалуы шынайы сипат алып келеді.

Буллинг көбіне жасырын үдеріс болып табылады және оның байқалуы айқын жағдайға айналған кезде, оны түзету үшін қандай да бір әрекет жасау аса күрделі, ал кейде тым кеш болып жатады. Қудалау проблемасына ұшыраған кейбір балалардың, жапа шегетіні соншалықты, олар өздерінің барлық дағдыларын ұмытып, тіпті өзін-өзі жек көре бастайды. Мұндай балалар мұқият ойластырылған терапиялық араласуды қажет етеді: өйткені бала тап бүгін күш көрсетуге ұшырап отыр (оның құрбан немесе жай куәгер болғаны маңызды емес), онда қандай жағдайда болсын, бұл болса, баланың болашағы үшін, оның тұлғалық дамуында  су астындағы «айсебергке» айналуы мүмкін.

Гендерлік ерекшеліктерді зерттеумен айналысатын, шетелдік зерттеушілердің (Д. Лэйн, Д.Олвеус, В.Бесаг) және ресейлік ғалымдардың (И.С. Кон, И.С. Бердышев, О.А. Маланцева) зерттеулері жасөспірімдердің арасында буллингтің байқалуының келесі гендерлік ерекшеліктерін атап өтуге мүмкіндік берді:

- әйел және еркек жанысты өкілдер арасында буллингтің байқалу түрлерінің әртүрлілігі;

- ұлдардың арасында буллингтің байқалуы, ең алдымен, ұлдардың нормативтік мәдениетімен байланысты;

- еркек жынысты өкілдер үшін буллинг ең алдымен, билік үшін күреспен байланысты;

- қыздар тарапынан болатын буллинг дербестелген, психологиялық бағытталған және барынша эмоционалды құрылымсызданған;

- гендерлік ерекшеліктеріне байланысты,  қыздарға буллинг проблемасын көтеру қиындау болады.

Ал Отбасылық тәрбиелеу институтының, жасөспірімдердің және олардың ата-аналарының өмірлік бағдарларын анықтау бойынша барлық қазақстандық мектептерде жүргізген зерттеулерінің нәтижелері, өнегелік-құндылық қасиеттердің бұзылулары туралы айтуға мүмкіндік берді, бұл болса, білім беру жүйесінде психологиялық қызметтің мақсатты бағытталған және жүйелі жұмысын қажет етеді. Және де осы тұрғыда, институт өкілі, психологиялық қызметтің мақсатты бағытталған және жүйелі жұмысының қажет екендігіне, сондай-ақ «отбасы мен мектеп арасындағы әлеуметтік серіктестікті» белсенділендіру қажеттігіне келушілердің назарын аударды. Өйткені, отбасында және мектепте қолайлы психологиялық ахуалды жасап ғана, бәсекеге қабілетті және жан-жақты дамыған тұлғаның табысты дамуына жағдай жасауға болады емес пе?!

Семинардың қорытындысын жасай отырып, А. Матаева балалармен қатал қарым-қатынастың (қудалаудың) алдын алуды, ата-аналарды және педагогтарды сауаттандырудан бастау керек, ал бұл жұмысты Отбасылық тәрбиелеу институтында өз білімін жетілдірген кәсіби мамандар, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілер жүргізуі керек деп атап өтті.

P.S: егерде осыдан он жыл бұрын, ұлдар күш көрсетіп, құрбандарын ұрып-соғып, ал қыздар жанама, ауызша кемсітуге ұшыраған болса, ал бүгінгі күні екі топтың да күш көрсетуі бірдей деңгейге жеткен.