Астанада Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен орындалып жатқан, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша, педагогикалық кадрлардың біліктіліктерін көтеру  Республикалық жобасы аясында Отбасылық тәрбиелеу институтының 210 тыңдаушыға арналған үшінші оқу сессиясы басталды.

4 қыркүйекте сессияның салтанатты ашылуы өтті. Әдеттегі дәстүр бойынша, институт әкімшілігі барлық педагогтарды-қатысушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, қоңыраудың сыңғырлаған үнімен сабаққа шақырды. Еліміздің барлық өңірлерінен келген педагог-психологтарға арналған осы кезекті сессия, 4-15 қыркүйек аралығында өтеді. Осы 12 күн барысында психологтармен отбасылық тәрбиелеу жөніндегі мамандар жұмыс істейтін болады, олар тыңдаушыларды тәжірибелік психологияның жаңа жетістіктерімен, психологиялық әдістермен түзетудің жаңа тәсілдерімен және кеңестермен, білім беру үдерісіне енгізілген отбасылық тәрбиелеу саласының прогресивтік әлемдік технологияларымен таныстырады.

Институт тыңдаушылары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің және Психология Ғылыми-зерттеу институтының (Алматы) атақты профессорларымен, психология және педагогика ғалдымдарының докторлары  И.В. Вачковпен, Л.Д. Лебедевамен, О.В. Хухлаевамен, Н.А. Цветковамен, Г.В. Новиковамен, С.В. Покровскаямен, С.В. Кривцовамен, С.В.Поповпен, А.Г. Улановскиймен, Ж.И. Намазбаевамен, З.Ш. Қарағұловамен және т.б. кездесуді асыға күткен болатын. 

Республикалық педагог-психологтардың біліктілігін көтеру жобасы кесте мен бағдарламаға сәйкес қатаң түрде орындалады. Ол Отбасылық тәрбиелеу институтының «Бақытты отбасы» авторлық бағдарламасын (авторы С. Евдокимова) көздейді. Бағдарлама әрқайсысы 12 күннен тұратын, 4 сессиядан құралған.

Институт тыңдаушыларына арналған үшінші оқу сессиясы айрықша мәнге ие, мұнда тыңдаушылар жаңа білім алып ғана қоймай, сонымен қатар, Қазақстанда алғаш мерекеленіп отырған, салтанатты іс-шараға да қатысады, Мұғалімдер күніне институт атынан сыйлық ретінде әсем Астанаға шолу экскурсиясы жүргізіледі!!!

15 қыркүйек үшінші сессия сабақтарының аяқталатын күні, осыдан кейін психолог-педагогтар өздерінің өңірлеріне тарап кетеді, ал 2013 жылдың 4 қарашасынан бастап, институт қорытынды 4 сессияға өзінің тыңдаушыларын қайтадан күтетін болады. 

«Мұндай жобаның болғаны қандай тамаша, біздерге, психологтарға жаңа кәсіби білімдер жетпейді, біз, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, осындай білімді осы жерден, Отбасылық тәрбиелеу институтынан алатындығымызға қуаныштымыз», - бүгінгі жобаға қатысқан барлық психологтардың айтқан сөздерінің түйіні осындай.

 Л.Н. Набитовская