Адамның ақпараттың басым бөлігін БАҚ-дан алатыны барлығына мәлім. Ал кез келген ұйым өзінің қызметіне назар аударғысы келсе, БАҚ арқылы әрекет етеді.  

Отбасылық тәрбиелеу институтының мақсаты – ата-аналар жұртшылығын отбасылық тәрбиелеу, соның ішінде отбасылық дәстүрлерді және құндылықтарды нығайту мәселелері жөнінде психологиялық-педагогикалық ақпараттандыру.

«Отанға деген сүйіспеншілік, отбасылық ошаққа деген махаббаттан басталады. Туған шаңырағыңның астында алған тәрбие бұл – біздің халқымыздың салауатты және табысты болашағының кепілі»,- деген біздің еліміздің Президенті.

Сондықтан да қазіргі заманғы ата-аналар өскелең ұрпақтың тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, өз балаларының мінез-құлықтарын талдай білуге, дағдарысты жағдайларда оларға уақытылы көмек көрсете білуге, қолдауға, өздерінің педагогикалық мәдениеттерін көтере білуге үйренулері керек. Бұл мәселеде ата-ана болу табыстылығын БАҚ арқылы кеңінен наксихаттап,  ата-аналарға біздің Отбасылық Тәрбиелеу Институтымыз көмек көрсетеді.

БАҚ жұмыстың  жобаланған жоспарлары:

2013 жылғы 3 қыркүйекте біздің Институтымыз «Радио-Астана» эфирінде «Отбасындағы психологиялық басымдылық және қазіргі жастардың бейқамдығы: өзара байланыс, себептері және түзету жолдары» тақырыбына әңгімелесті.      

2013 жылы 5 қыркүйекте біздің Институт  «Қазақстан» Республикалық телевидениесінің «Таңшолпан» бағдарламасының тікелей эфирінде жүргізушілердің ішкі үйлесімді қалай сақтау керек, қалайша стреске тұрақты бола білу керек және неліктен отбасындағы атомосфераның, отбасының әрбір мүшесінің психологиялық денсаулығына ықпал ететіндігі туралы сұрақтарына жауап берді.

2013 жылғы 6 қыркүйекте біздің қызметкерлеріміз, «Бақытты отбасы, ол қандай?» тақырыбындағы «Біз» ток-шоуына қатысты.

Біздің әріптестеріміздің мақсаты – теледидар алдындағы әр тыңдаушыға, әр отбасында болып жатқан біздің бүгінгі проблемаларымыздың 99 % түп-тамырымен өткенге және біздің ата-аналарымыздың отбасына кететіндігін түсіндіру. Өз отбасыңның сапасын көтеру үшін, оны жақсы жағына өзгерту үшін, бақытты отбасы болуға кедергі болатын себептерді анықтап, оны талқылау.

А. Матаева