2013 жылғы 12 наурызда басталған алғашқы сессияда-ақ   Отбасылық тәрбиелеу институты өзінің тыңдаушыларын «Мен – отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психологпын» конкурсын өткізу туралы хабармен абыржытты, бұл конкурстың мақсаты – педагог-психологтың жұмысында инновациялық әдістемелерді қолдану деңгейін бағалау, «Бақытты отбасы» жобасында оқытылатын, талантты және шығармашыл  педагог-психологтарды анықтау, институт тыңдаушыларын қоғамдық өмірге белсене қатысуға ынталандыру.

Конкурсқа 27 тыңдаушы қатысты. Біз күткендей қатысушылардың конкурсқа әкелетін  жұмыстарының саны көп болған жоқ. Мұны мектеп психологтарының шамадан тыс жұмыс бастылығымен түсіндіруге болады. Бірақ конкурсқа қатысу, институттың міндетті талабы болып табылмады.

Конкурстық жұмыстарды бағалау критериі: ұсынылған материалдардың, Отбасылық тәрбиелеу институтының міндеттеріне сәйкестігі, өзінің жұмысын жобалай және талдай білушілігі.

Қазақстандағы Отбасы Күнін мерекелеу қарсаңында конкурстың қазылар алқасы конкурстың қортытындысын шығарды.

Ең жақсы тұсаукесер ретінде Гаджиева Людмила Николаевнаның (Оңтүстік Қазақстан облысы) жұмысы танылды. Ол ұсынған материалдар автордың нақты құрылымданған қызмет үлгісі болуын, пайдаланған материалдарын, мектеп психологы жұмысының барлық бағыттарымен үйлестіре білуін дәлелдеді.

Ұсынылған жұмыстарға жалпы талдау жасау, педагогтардың өз жұмыстарын лайықты түрде көрсете алмайтындығын, жинақталған материалды көркемдеу мен жүйелеу дағдыларын білмейтіндіктерін көрсетті.  Конкурстың қазылар алқасы, өз жұмыстарын қазылар алқасына ұсынған конкурстың қалған қатысушыларының даралығын және кәсіби тәсілдерін көрсетті.    Бұл - Ордағұлова Зарины Әбдіманапқызының (Алматы облысы),  Дүйсенбиева Жігерлен  Әділханқызының (Жамбыл облысы),  Байдуашева  Сәндігүл Базарқұлқызының (Ақтөбе облысы) және Отрощенко Евгения  Геннадьевнаның (Қостанай облысы) еңбектері.

Мен – отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психологпын»  шығармашылық шеберлігі конкурсы институт тыңдаушылары арасында екінші рет жүргізіліп отыр. Қазылар алқасы конкурстан, конкурсқа психологтардың отбасын және отбасылық тәрбиені, білім беру мекемесіне отбасылық тәрбиелеу жөніндегі қызмет бойынша психологиялық-педагогикалық үлесті зерделеу деңгейін нығайту жөніндегі ағартушылық және алдын алушылық жұмыстарды өткізу маңыздылығын артып келе жатқандығын атап өтті.

Жеңімпаздар мен қатысушылар үшін бұл конкурс маңызды оқиға болып, олардың кәсіби қызмет деңгейін арттыруға өз үлесін қосты, «мектеп-отбасы байланысын нығйтудағы психологиялық-педагогикалық жұмыстың тиімділігін арттыру үшін алғышарт болды.

Орындаған: А. Матаева