2013 жылғы 8 қыркүйекте Астанадағы «Жастар сарайының» алдындағы концерттік алаңда Қазақстан Республикасында «Отбасы Күнін» мерекелеуге арналған, «Менің бақытты отбасым» Алғашқы қалалық фестивалі өтті.

Жайма-шуақ күн қатысушылардың көңіл-күйін көтерді. Алаңға мыңнан астам адам келді, бұлар – балаларын, немерелерін ерте келген елордалық отбасылар.

Фестиваль 3 сағаттан астам уақытқа созылды. Сахнада шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін көрсетті, сахна маңында балалар асфальтқа сурет салды, алаңда «Шахматтық отбасы» турнирі өтті, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілер жұмыс істеді.

Фестивальді ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындғы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Абдыхалықова Гүлшара Наушақызы ханым ашты.

ҚР Парламент Мәжілісінің демпутаты Асанғазы  Оразкүл  Асанғазықызы, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитет төрайымы Шер Раиса Петровна, Білім басқармасы бастығының орынбасары Сеңғазиев Қасымқан Сеңғазиұлы, Астана қаласы АХАЖ бастығы Сағындықова Гүлнәр Төлеханқызы, Отбасылық тәрбиелеу институтының Бас директоры Евдокимова Софья Львовна, Астана қаласы Шахмат Федерациясының атқарушы директоры Қайрат Мәмелянов құттықтады.                                                      

Фестиваль шығармашылық және спортты отбасыларға, отбасылық әулеттерге, қаланың жас жұбайларына құрмет көрсетуден басталды.

Қалада 50 жылдан астам бірге өмір сүрген көптеген отбасылар тұрады. Осы уақыт ішінде олар тамаша ата-аналарға айналып, балаларын тәрбиеледі, шаршамай-шалдықпай немерелерін күтіп-бақты, көбінің шөберелері де бар, үлкен отбасы болып, бақытты ғұмыр кешуде.

Бұл – 60 жыл бойы бірге ғұмыр кешкен, Әмірғали Арықбайұлы Тұржанов пен Смағұлова Күлжан қариялардың отбасы, олар 10 бала тәрбиелеген, немерелері бар. 55 жыл бірге өмір сүрген Амангелді мен Люция Нұрымовтар отбасы. Бұл отбасында үш бала, төрт немере және бір шөбере бар.  

Қазіргі күні қаламыз сіздердің отбасыларыңызды құрметтеп, некеге тұрған жас отбасыларға сіздерден үлгі-өнеге алуды ұсынып отыр.

Бегімов  Жұмағали  Қабиұлы мен Ахметова Күләй Қоқайқызы, ерлі-зайыпты Қамановтар - Қазбек Кәкенұлы мен Айгүл Аманжолқызының отбасылары 30 жыл бірге өмір сүрген. Олар өздерінің отбасылық альбомының тарихында былай деп жазған: «Біз 30 жыл бойы бақытты отбасында өмір сүрдік. Неке қиюға  біз саналы түрде келдік, барлық отбасылар туралы біз өз өмірімізді жатаханадан бастадық. 30 жылғы тату-тәтті ғұмырымыда «ажырасу» сөзін бірде-бір рет айтып көрмеппіз. Бір-бірімізді сүйіп қосылдық, сол махаббатты әлі сақтап келеміз және өз өміріміздің соңына дейін сақтаймыз».

Қамановтар отбасының альбомынан келесіні оқыдық: «Біз бір-бірімізді қатты құрметтейміз, мектеп қабырғасында-ақ пайда болған сезімді бағалаймыз және сақтаймыз, бұл сезімнің аты – МАХАББАТ!!!!».

Фестивальда мұндай сөздерді жаңа некеге тұрғалы жатқан жастардан есту аса маңызды болды. Елордамызда апта сайые 200 астам жұп заңды некеге тіркеледі екен. Ал фестивальда жас отбасылар Сабақбаев Жасұлан мен Бақашбаева Айнұр және Шәкіров Дәмір мен Қасенова Динара неке қию куәліктерін алды. Ұйымдастырушылар жас жұбайлар үшін үлкен қуаныш болып табылатын, отбасыларында тұңғыш сәбидері дүниеге келген отбасыларын да ұмытпапты!!!! Және біздің елордамыздың 15 000 жаңа туылған тұрғыны Аппасова Сафинұр Расулқызымен және оның ата-анасымен таныстырды, оларға туу туралы куәлікпен, сыйлықтар табыс етілді. 

Фестивальда балалары вокалмен айналысатын, Айтжановтар шығармашылық отбасы туралы да айтылды. Олардың үш баласы да оқу үздіктері. Бұл - 15 жыл отбасылық өмірде тату-тәтті өмір сүріп отырған, демократиялық стильдегі отбасы. Олар «Бақытты отбасы – 2013» қалалық конкурсының лауреаттары. Отбасылық шығармашылықтың көрінісі ретінде олар көрермендерге өздерінің орындауындағы «Бесік той» әнін тарту етті. Фестиваль қонақтары риза болып, оларды ұзақ қошеметтеді!

Алаңда өткізілген фестиваль аясында елорданың жас суретшісі, Экономикалық лицейдің және Айман Мұсақожаева атындағы мектеп-коледждің 6 сынып оқушысы Әмір Жолдасбековтің авторлық көрмесі өткізілді. Онда жас суретшінің 15 жұмысы көрсетілді.

Сонымен қатар жүзден астам фотосуреттер ұсынылған, «Спорттық отбасы» мектеп оқушыларының және бала бақша тәрбиеленушілерінің көрмесі қатысушылардың және қонақтардың өзіне назарын тартты. Алаңда өткізілген шахмат бойынша турнир, қаланың 50 отбасын біріктірді. Ал отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшінің көзбе-көз кеңесінен 19-52 жас аралығындағы 25 астам ата-ана өтті. Олар психологпен кеңесуде, өздерінің проблемаларын шешу барысында психологиялық қолдау алды және ұйымдастырушыларға көрсетілген көмектері үшін алғыс айтты.

Қазақстандағы Отбасы Күнімен елордалықтарды құттықтауға  «Қайнар» Балалар шығармашылық орталығының тәрбиеленушілерімен (жетекшісі Ф.Н.Клепица), «Очарование»,  «Радость», «Арман» үлгілі шығармашылық ұжымдарын ертіп, Екібастұз Отбасылық тәрбиелеу орталығы да, сондай-ақ Ақмола облысы Аршалы ауданы Вячеславка кенті орта мектебінің тәрбиеленушілері де келіпті. 60 астам жас әртістер өздерінің әсерлі және тамаша мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынып, елорда сахнасында өздерінің таланттарын, күш-қуаттарын, жастық жалындарын көрсете білді, бұл фестиваль қатысушыларының көңіл-күйдерін көтергені сөзсіз!!!

Л. Набитовская