Қазақстан Республикасында Отбасы күніне арналған мереке 8 қыркүйекте «ҚР педагогогикалық мамандарын отбасылық тәрбиелеу жөніндегі біліктіліктерін көтеру» республикалық жобасында өтті.

 

Мерекені ашу құқығы «Бақытты отбасы» бағдарламасының авторы, Отбасылық тәрбиелеу институтының Бас директоры Евдокимова Софья Львовнаға бұйырды.

Институт тыңдаушылары мен мерекелік салтанаттың қонақтары мерекелік жағдайда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Асанғазы  Оразкүл  Асанғазықызының,  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары Қалымова Венера Қазыханқызының,  Жоғары соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі Қадағалау сот алқасының судьясы Сүлейменова Ұлболсын Әждарқызының тамаша отбасыларымен кездесті. Қатысушыларға өз өмірлеріндегі отбасының маңызы туралы әңгімеледі, біздің елімізде отбасы мәртебесі мен отбасылық құндылықтарды өздерінің ұсыныстарын нығайтуға бағытталған, өздерінің ұсыныстарын айтты. Мерекеге дайындық барысында институттың әкімшілігі, Сүлейменовтер отбасымен бірге, осы отбасының немересі Әмірдің авторлық көрмесін ұйымдастырды. «Бақытты отбасы» жобасының қатысушылары-педагогтар Әмірдің шығармашылық жұмыстарымен танысты. Оның суреттері көрген адамды қанаттандырып, өмірдің мәні, өзіңнің балалық шағың, туыстарың, табиғат пен отбасы  туралы ойлануға мәжбүрлейді. Әмір бұл көрмені өзінің анасы Әмина Қабыкенқызына арнап, «Қылқалам періштесі» деп атапты. Әмір  тек сурет салып ғана қоймай, сонымен қатар фортепианода да жақсы ойнайды екен, осы тату-тәтті отбасында шығармашылықтың шегі жоқ. Оның әжесі Ұлболсын Әджарқызы өзінің немересіне әрдайым уақыт таба біледі, шығармашылық бастауын дамытып, жетістіктерге жетуге көмектеседі.

Отбасы – адам өміріндегі ең басты нәрсе, бұл – жақын туыстарың және өзің үлгі-өнеге алатын, қамқорлық жасайтын, өзің бақыт тілейтін адамдар. Тек отбасында ғана біз сүюге, жауапкершілікке, қамқорлық жасауға және құрметтей білуге үйренеміз.

Барлығы махаббаттан басталады. Ал махаббат өзара сыйластықта қалыптасса, махаббат туындайды. Міне Отбасы Күні мерекесінде де жақсы жаңалық туралы айтылды! Біздің Мәскеуден келген оқытушымыз Улановский Алексей  Маркович жақында үйлену тойын өткізді. Біз үйлену тойы кешінде оған көптеген жылы сөздер айтылып, тілектер тілегендігіне күмәнданбаймыз. Ал адамдардың жақсы тілегі бұл – бақытқа қарай бастайтын қадам! Институт атынан музыкалық шашу ретінде ән айтылды.

Мерекелік іс-шараға Павлодар облысы Екібастұз қаласының «Қайнар» Балалар шығармашылық орталығының, «Радость», «Очарование» хореографиялық  шығармашылық ұжымдары, «Арман» вокалдық ұжымы, сондай-ақ Ақмола облысы Аршалы ауданының «Сенсация» дуэті мен «Радость» хореграфиялық ұжымы өз өнерлерін көрсетті.

Институт тыңдаушылары риза болды. Түрлі-түсті костюмдер мен әдемі шығармашылық нөмірлер мерекені ұмытылмас етті! 

Л. Набитовская