Бүгін Қазақстанның қазіргі заманғы оқушысына қоғамда жүріп жатқан өзгерістермен қатар қадам басу керек.

Дәстүрлі форматтағы педагогтың орнына, заманауи бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуге арналған, жаңа форматты педагог келуі керек. Ол үшін заманауи педагог психологиялық-педагогикалық әдістемелерді меңгеріп, бала дамуының ерекшеліктерін түсіне білуі керек. Ал бұл отбасылық педагогика мен отбасылық психология негіздерін білмей мүмкін болмайды. Тұлғаның өзекті ерекшеліктерімен, оның өнегелік әлеуетімен, дүниетанымымен, құндылық бағыттарымен тығыз байланысты, оқушылардың эмоционалдық-ерікті саласы, көбіне отбасындағы психологиялық ахуалға байланысты, сондықтан да заманауи педагогтың міндетті түрде отбасылық тәрбиелеу туралы білімі болуы керек.

«Әрине, заманауи педагогқа уақыт жаңа міндеттер қойып отыр, оларды шешуге міндетті түрде мектеп психологтары қатысуы керек. Табысты білім алудың негізі – «отбасы-мектеп» жүйесі біршама әлсіреген кезде, білім беру мекемелерінің педагог-психологтары өз балаларының болашақтары үшін жауапты ата-аналардың жауапкершіліктерін арттыру, сондай-ақ мектептерде жақсы психологиялық ахуал жасау үшін, педагогтардың психологиялық құзіреттіліктерін арттыру мақсатында еңбек етеді»,- деді   Оразкүл Асанғазықызы  Институт тыңдаушыларымен болған кездесуде.

Кездесу бейресми жағдайда өтті. Біздің психологтарымыз депутаттың дәстүрлі педагогика мен білім беру жүйесінің заманауи талаптары туралы сөзін бар ынталарымен тыңдады. Институт тыңдаушылары психологтарға замануи мектепте замануи ата-аналармен жұмыс істеуге көмектесетін, халықаралық деңгейдегі атақты профессорлардан, кәсіби білім алуға жасаған мүмкіндікері үшін, ҚР Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің атына алғыс айтты. Кездесуде психологтар ҚР Парламент Мәжілісі депутаты О.А.Асанғазыға  бірқатар сұрақтар қойды.

Мәселен, Павлодар облысының психологы Б.Бейсекеева еліміздің барлық мұғалімдер қауымын толғандыратын мәселе – бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақасын өсіру  туралы сауалды қойды.

Ақтөбе облысының тыңдаушысы С.Байдуашева, оқушыларды көбірек еңбекке тарту уәждемесін келтіріп, «Технология» пәні бойынша сағаттардың қысқару себебін сұрады.

Ақмола облысының психологы Т.Лебедова елдегі көптеген психологиялық орталықтардың сапасына назар аударуды сұрады. Өйткені осы орталықтардың жарнамалық парақтарын біздің мектептерімізден де жиі кездестіруге болады, ал сол кезде осы мекемелерде жұмыс істейтін психологтардың кәсіби деңгейлерін, олардың тұрғындарға қандай көмек көрсетіп жатқандарын ешкім бақылмайды, ешкім білмейді.

Атақты педагог  К.Д. Ушинский тәрбие халықтың мәдени-тарихи дәстүрлерінің бөлінбес бөлігі, оның ұлттық сипатының және дүниетанымының бөлінбес бөлігі болып табылатын, тұлғаның рухани дамуына бағытталуы қажет деп санаған.

Қазіргі кезде бала тәрбиесінің кемшін тұстары үшін,  ата-аналар мектепті, ал мектеп ата-аналарды жазғырады, ал республикалық біліктілікті көтеру жобасына қатысатын, біздің қазақстандық мектеп психологтарын әлемдік деңгейдегі психолог- тәжірибешілер қаруландырып жатқан, жаңа технологиялар мен әдістемелер, ата-аналар да және педагогтар да кездесетін, тәрбиенің келелі мәселелерді үйлестіруге және түзетуге көмектеседі.

Ал бұл дегеніміз – Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минтстрлігінің және Отбасылық тәрбиелеу институтының алдына қойып отырған міндеті – біздің еліміздің әрі қарайғы прогресі мен дамуына жағдай жасайтын, өскелең ұрпақтың тәрбиесі үшін ата-аналар жауапкершіктерін арттыруға қол жеткізіледі деген сөз.