Қазақстандағы Отбасы күніне арналған «Отбасыдан қымбат не болуы мүмкін?» Республикалық кең ауқымды акциясынан фоторепортаж.

2013 жылғы 8 қыркүйекте өткізілген, «Отбасыдан қымбат не болуы мүмкін» Республикалық акциясынан фоторепортаж ұсынамыз.

Астана қаласының «Ер Төстік» балалар бақшасының психологы Сейдақбарова Шолпан Әзімқызы бұл күні ата-аналармен «Отбасы – еліміздің басты байлығы» тақырыбында тренинг өткізді. 

№46 «Самал» балалар бақшасының психологы Шонтыбаева Айжан Нұрмұхамбеткызы ата-аналарға арнап «Менің бақытты отбасым» тақырбында тренинг ұйымдастырды.

Ал Отбасылық тәрбиелеу институтының түлегі Л.П. Максимова «Отбасыдан қымбат не болуы мүмкін?» Республикалық акциясына қатыса отырып, Жамбыл облысының Қордар ауылындғы Психологиялық орталықта ата-аналарға отбасылық тәрбиелеу жөнінде кеңес өткізді. Бұл күні психолог-маманның кеңесіне 6 ата-ана жүгінді.

Акцияның жүргізілуін қолдай отырып, Отбасылық тәрбиелеу орталығының түлегі, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Құмаржанова Кенжегүл Әліпқызы да Шығыс Қазақстан Облысы Ахмерово ауылының орта мектебінде ата-аналарға тегін кеңестер жүргізді. 

Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Мәнсүрова Айгүл Сағынтайқызы  Ақмола облысы Ақсу кентіндегі негізгі мектептің 10 ата-анасына кеңес өткізді. 

Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Әбілманова Гүлжайна Әділханқызы  Шыңғырлау ауылының Л.Қылышов атындағы Шілік ОБМ ауылдың 10 ата-анасына кеңес өткізді.

Акцияны еліміздің білім беру мекемелерінің 1000 астам психологтары мен Отбасылық тәрбиелеу институтының түлектері қолдады!!!

Бұл фотосуреттер Отбасы күні еліміздің шалғай ауылдарындағы да көзбе-көз кеңестерде отбасылық тәрбие туралы әңгіме айтылғанның дәлелі болып табылады және онда ата-аналардың өз отбасыларын қалай бақытты ету керектігі және бала тәрбиесі үдерісінде ата-аналарда туындаған сұрақтарды қалай дұрыс шешуге болатыны туралы сауалдар қойылды.

Л. Набитовская.