Астана қаласы №54 мектеп-лицейінің психологтары Стамқұлова Құралай Шаймерденқызы мен Айқынбаева Гүлден Қанатқызы Қазақстандағы Отбасы күніне арналған, «Отбасыдан қымбат не болуы мүмкін?» Республикалық кең ауқымды акциясына белсене қатысты. 

Олар 2013 жылы 7 қыркүйекте Менеджмент және  бизнес колледжінің ата-аналарымен «Бақытты отбасын қалай сақтауға болады?» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Кездесуге колледж оқушыларының 50 ата-анасы қатысты.  

Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші, Отбасылық тәрбиелеу орталығының түлегі, №56 мектептің мұғалімі Жаппарова Гүлниса Серікқызы 2013 жылы 6 қыркүйекте Астана қаласы «№29 «Аққайың» балалар бақшасы тәрбиеленушілерінің ата-аналарына кеңес өткізді. Маманның кеңесіне 12 ата-ана жүгінді.

 

Опубликовано: Институт Семейного Воспитания.