Уақыт зымырып өтуде, міне, психологтардың біліктіліктерін көтеретін республикалық «Бақытты отбасы» жобасының 3 оқу сессиясы да аяқталды.

Қыркүйек айының 12 күні, шаршамай-шалдықпай, психологтардың өзімен-өзі жұмыс істеген 12 күн де білінбей өтті де кетті. Осы бірегей жобаға Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі әртүрлі аудандардан, қалалардан, ауылдардан педагог-психологтар жиналды. Отбасылық психология мен педагогика саласындағы жаңа білімді іздеу, 210 психологты Астана қаласындағы осы бір тамаша жоба аясындағы бір отбасына біріктірді.  

Өзінің кәсіби шеберлігін көтеру, психологтың жұмысындағы жаңа техникамен және әдістемемен таныстыру ниеті, біздің тыңдаушыларымыз үшін еш кедергі туғызбады. Сесияның барлық 12 күні біздің институтымыздың тыңдаушылары Ломоносов атындағы ММУ және Абай атындағы ҚазМҰУ Психология ҒЗИ  Н.А.Цветкова, Л.Д.Лебедева, Г.В. Новикова, О.В. Хухлаева, С.В. Покровская, С.В. Кривцова, С.А.Попов, А.Г.Улановский, Ж.И. Намазбаева, З.Ш. Қарақұлова, В.Н. Устименко, А.В. Цветков сияқты  12 атақты ғалымдарының, профессорлардың дәрістерін тыңдап, шеберлік сыныптарына қатысты. 

Сессияны аяқтай отырып, жиналыста Институт әкімшілігі 6 топ арасында жарыстардың қорытындыларын шығарды. Павлодар және СҚО облысынан келген психологтар 3 сессияның үздік тобы ретінде танылды.

Институт тыңдаушылары Институттың Бас директоры С.Л.Евдокимоваға және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жобада білім алу мүмкіндігі, курсты тамаша ұйымдастырғаны және отбасы мен отбасылық тәрбиелеу жөніндегі қызықты ақпараттың үлкен көлемі үшін алғыс  айтты.

Тыңдаушылар үйлеріне қайтқылары келмеді!!! Бірақ оларды жуық арада қайта кездесетіндіктері қуантты. 2013 жылдың 4 қарашасында олар қайтадан Астанада 4 ақтық сессияға жиналады, содан кейін дайындалған курстық аттестациялық жұмыстарын қорғауға кіріседі. «Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші» деген жазуы бар, қайта длайындау және кәсіби шеберліктерін көтеру туралы куәлікті алғаннан кейін, олар өздері жұмыс істейтін білім беру мекемелеріне қайтып оралып,  Отбасылық тәрбиелеу институтында шыңдаған білімдерін өз жұмыстарында пайдаланып, тәжірибе жүргізетін болады.

Л.Набитовская