Біздің қайсымыз болмасын, өмір сүруге және

өзінің түп-тамырымызды білуге тырысамыз

Бізге өзіміз жақсы болғандықтын, бізді барлығы

жақсы  көретін сияқты көрінеді.

Бірақ біз, өзімізді жақсы көретіндер 

жақсы болғандықтан, бізді жақсы көретіндіктерін сезбейміз.

Л.Н. Толстой

Бүгінде Қазақстанда психологияға  деген  қызығушылық күннен-күнге артып келеді. Әртүрлі тренингтер сәнді тренд мәртебісіне үміткерге айналуда. Кітап сөрелерінде психология туралы кітаптар толып тұр. Телевидение де көрермендер сұраныстарына назар аударып, өздерінің рейтингтерін және көремендер сүйіспенпеншілігін арттыру үшін, әртүрлі ток-шоуларға психологтарды шақырады.   

Біздің Отбасылық тәрбиелеу институтының психологтары кезекті рет жетінші арнаның телебағдарламаларының біріне қатысты. Бұл жолы «Жолы бар!» ток-шоуының «Туыстық соғыстар»  тақырыбындағы бағдарламаға қатысты. Ток-шоуда көтерілген мәселе бүгінгі күні – өзекті болып отырған, ене мен келін, аға мен қарындас, ағайындылар арасындағы мұрагерлікті даулау туралы мәселе. Біз өзіміздің күнделікті барлық проблемамыз, балалық шақта шешімін таппаған реніштерден бастау алатындығына тағы да көзіміз жетіп отыр. Өйткені тап осы балалық шақта шешілмеген мәселелер -  ересек өмірде жанжалдарға әкеледі, тап осылардың өзі барлық өнегелік құндылықтардың құлдырауының себебіне айналып жатады.

Өкінішке орай, ұрпақтан ұрпаққа берілетін рухани мұраның бүгінгі таңда бұрынғы кездегідей маңызы жоқ екендігін шынайы өмір көрсетіп отыр.

«Үйдегіні, түзге шығарма» дейтін еді біздің ата-бабаларымыз. Бұл мәтелдің өнегелік мағынасы айқын, өйткені кез келген үйдегі жанжал бұл – отбасылық жара және бұл жараны бөтен адамға сеніп тапсыруға болмайды, себебі ауру шиеленісіп, отбасы бұзылуы мүмкін. Шынында да, өзінің құрбыларына, достарына және т.с. сенім білдіріп, өз отбасыларын бұзған жұптар бар. Дау-дамайды, жанжалды үйден, түзге шығарудың мағынасыздығын түсіну, бір жағынан, бөлісу және айналаңдағылардың қолдауына ие болу ниеті, адамның саналылығын бүркемелейді, қателіктерге ұшыратады. Қазіргі күні жастардың телевиденияға жүгініп, жалпы жұртқа өздерінің проблемаларын айтып, күні кеше өздері «анам» немесе «сүйіктім» деген адамдарын жазғыратын жағдайларды жиі байқауға болады.

Және де әрине бұл хабарды көрген әркім, арнаға келіп, өзінің енесімен қарым-қатынасын қалың жұрт алдына шығып, жайып салған қыздың айтқаны дұрыс па, бұрыс па, өз балаларының тағдырын ойлап, інісінің үйін тартып алып жатқан, ағасы кінәлі ма  екендігін бір жақты айта алмайды. Адамдардың пікірлері бір жақты емес. Олардың ішінде біреу болмаса, біреуі, мұның барлығын экранға шығарып не керек деп айтуы мүмкін. Бәлкім бұл, басқаларының алдында өзін-өзі ақтап алу шығар? Мүмкін бұл қазіргі кездегі сәнге лайық жағдай – таптаурын жойылсын және сөз еркіндігі жасасын деген ниет болар?

Әрине, біздің Отбасылық тәрбиелеу орталығының психологтары, ұлттық және отбасылық құндылықтар рухында тәрбиеленген, әр тұлғаның барлық қатысушыларын сабырлылыққа шақырды. Себебі біздің ата-бабаларымыз «Менің отбасым – менің қамалым» деп текке айтпаған болар!? Ал бұл қамалдың есігі ашылып, ұрыс-керіс тысқа шығатын болса, онда қамал қорғаныш болмайды, яғни, отбасының әр мүшесі әлсіз, осал болады деген сөз.

Шәкірттерімен таныстығын үстелдің үстіне тас толтырылған банка қойып бастайтын мұғалім туралы аңыз бар. Ол шәкірттерден: «Банка толып тұр ма?»,-деп сұрайды. Өз сауалына «Иә» деген жауап алғаннан соң, оған бір уыс қиыршық тас салады.  Сосын ұстаз осы сұрақты қайтадан қойып,  соған ұқсас жауап алып, банканы құммен толтырады. Осылайша, тастар бұл – ата-аналар, әйелі мен балалары; қиыршақ тас – мансап пен ақша; құм – қалған барлығы – жылтырақ. Банкадан тастар мен құмды алып тастасаңыз да, банка толық болып қала береді, ал тасты алып тастасаңыз, ыдыс босап қалады.

«Үйдегі жанжалды, түзге шығарғысы келген» қандай адам болсын, айырмашылықты түсініп, басымдылықтарды орнына қоя білсе екен және өзінің құндылықтарын, қазіргі заманның жылтырағына айырбастамаса екен дегіміз келеді. Ал бұл құндылықтар – ескінің көзі емес, бұл отбасын салауатты және бақытты сақтауға көмектесетін даналық болып табылады.

А. Матаева

смотреть выпуск программы : Выход есть