2013 жылғы 20 қыркүйекте Отбасылық тәрбиелеу институтың директоры Л.Н. Набитовская Астана қаласының ҮЕҰ «Азаматтық қоғам – елді жаңғыртудағы стратегиялық серіктес» форумының жұмысына қатысты.

 

Форум Астана қ. Тәуелсіздік Сарайында өтті.

ҮЕҰ форумының модераторы ретінде әкімінің орынбасары А.Ғ.Балаева болды. Форум екі бөліктен құралды: планерлық отырыс пен секциялар бойынша жұмыстар. Пленарлық бөлігінде ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі  Қырықбаев Арман Оразбайұлы қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.

«Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» ЗТҚ төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты С.Ю.Романовская ханымның «Қоғамның белсенді азаматтық ұстанымы, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту факторы ретінде» тақырыбындағы сөзі залды жандандырды.

Форумға жиналғандар Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Н.К.Ерімбетовтің «Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес сектордың рөлі» тақырыбындағы сөзін қызыға тыңдады. Форумның қатысушыларына Ресейдегі үкіметтік емес сектордың қалай жұмыс істейтіндігі туралы Мәскеу қаласындағы «Өзгерістердің қарсы алдында» қайырымдылық қоғамының өкілі Мехти Ализаде айтып берді. Оның баяндамасының тақырыбы: «Бизнестің копоративтік әлеуметтік жауапкершілігі: халықаралық тәжірибе» деп аталды.

Қалалық форумда құрамына біздің ұйымымыз да кірген, ҮЕҰ  ІV Азаматтық Форумына қатысатын делегаттар анықталды.

Л. Набитовская