Әр мектеп оқушысының алдында мамандық таңдау туралы мәселе тұратын уақыт келеді. Сол сәтте бабалар да, ата-аналар да, ұстаздар да мазасызданады, өйткені таңдаудың күрделілігі, мамандықтың сипаты мен мәртебелігі туралы көптеген қарама-қайшылықты, кейде үстіртін ұғымдардың болуына байланысты болады емес пе!?

Мамандық таңдау бозбалалар мен бойжеткендердің қабілеттеріне, олардың мінез-құлықтарына, сұраныстарына, ата-аналардың тәжірибелеріне, мамандардың ұсыныстарына, мәселеге, қоғамның мүддесіне сыни қарай білуіне, еңбекке деген жалпы дайындығына, бейімделе білуіне, барлық нәрседен шығармашылық бастама көре білуіне байланысты болуы керек.

Ұстаздардың және ата-аналардың пікірлерін ескеріп, өзінің психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, жеке мүмкіндіктерінің келешегін зерделеуге көмектесу – Ақмола облысы Арнасай ауылы Вячеславка ОБМ ұстаздары – сыныптан тыс іс-шараны ұйымдастырушылардың алдында тап осындай міндет тұрды.

Іс-шара Отбасылық тәрбиелеу институты қызметкерлерінің қатысуымен өтті, олардың алдында мынадай міндеттер тұрды – мектеп бітірушілердің ата-аналарын, өз балаларының мамандық таңдауларына төзімді қатынас жасауға, ал түлектерді мамандық таңдаған кезде әр адамның мінез-құлық, дағды, бейімділік, шеберлік сияқты психологиялық ерекшеліктеріне назар аударуға шақырды.

«Дұрыс мамандық таңдау, адамның өмірін бақытты етеді», - деп бастады өз сөзін Отбасылық тәрбиелеу институтының директоры Л. Н. Набитовская. Мектеп оқушыларымен болған әңгімеде ол түлектерді толғандырған көп сауалдарға жауап берді, атап айтқанда: мамандыққа адалдық деген түсінік болады ма?; әр мамандыққа үйреніп кетуге бола ма?; егерде ол аясы тар мақсат ғана болса, диплом алу қажет пе?; ата-аналар мамандық таңдау мәселесіне қаншалықты белсенді және терең араласа алады?

Мамандық таңдау мен адамның әрі қарайғы өмірін анықтауы, әр жасөспірім үшін ауыр, жауапты іс, тап осындай баланың өз өміріндегі басты шешімін қабылдауы керек кезінде, ата-аналары көмек жасағысы келіп, абайсызда оған кесірін тигізіп, осылайша оған зиян жасауы мүмкін... Бұл жерде ата-аналар баланың мамандық таңдауы бойынша ақтық, нақты шешім қабылдауы үшін, өз баласы үшін бірінші кезекте ненің жақсы екендігіне назар аударулары керек. Осылайша болашақта баланың өз ата-анасына реніш жинақтауына мүмкіндік бермеулері қажет, яғни бұл «ата-аналар баласы үшін барлығын шешетін» жағдай болып табылады.

Ата-ананың пікірін ескеру дегеніміз не? Мамандық таңдау жолында не нәрсе маңызды кедергі болуы мүмкін? Бұл сұраққа Отбасылық тәрбиелеу институтының бас маманы М.А.Рүстімова жауап берді.

Мамандық таңдау кезінде жасөспірімнің өз мүмкіндіктерін барабар бағалауға көмектесуі үшін, Отбасылық тәрбиелеу институтының әдіскері А.Т.Матаева Сенеканың: «Адам өзінің күш-жігерін салып ғана, өзінің қабілеттерін білуі мүмкін»,-деген дәйексөзін келтіріп өтті.

Іс-шара кезінде артерапияны өткізу көмегімен, ата-аналар өз қолдарымен жасалған тұмарлар, атрибуттар алмасу, үш ұрпақтың – ата-аналар ұрпақтарының – әжелердің, аналардың және олардың балаларының кездесуінің шарықтау шегі болды.

Тұмарға әр ата-ана өз баласының жақсы бақытты өміріне тілеген батасын салды. Ал балалар тарапынан бұл – баланың өз қолымен жазған Сүйіспеншілік хаты болды. Кездесуге қатысушылардың бақытты кейіптерінен, егерде сенің жаныңда әрдайым өзіңді жақсы көретін ата-анаң, өзіңнің ОТБАСЫҢ болса, әр адамның өміріндегі маңызды нәрсе – мамандық таңдау жолының еш қиындығы жоқ екені көрініп тұрды!!!

А.Матаева