Мұғалімдер күні қарсаңында, 2013 жылғы 3 қазанда Астана қаласы Отбасылық Тәрбиелеу Орталығына еліміздің әр түрлі өңірлерінен музыка пәнінің мұғалімдері қонаққа келді.

Қонақтарды Отбасылық Тәрбиелеу Орталығының түлегі, №3 музыка мектебінің мұғалімі Дүйсебаева Әлия мен Отбасылық Тәрбиелеу Орталығы жетекшісі Өмірова Айнұр қарсы алды.

Кездесу шығармашылық сипатта өтті. Кездесудің бірінші бөлігінде Әлия Дүйсебаева өз қонақтарына «Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі педагогикалық-психологиялық қызметтің даму келешектері» тақырыбындағы баяндаманың тұсаукесерін жасады.

Екінші бөлігінде Орталық жетекшісі А.О.Өмірова мұғалімдерді Астана қаласы Отбасылық Тәрбиелеу Орталығының жұмысымен таныстырды, ұстаздарға психология әдістемесінің бірі ертегі терапиясымен таныстырды, кездесу қатысушыларымен бірге «Өзіміздің кемшіліктерімізбен күресеміз және өз қасиеттерімізді дамытамыз» жаттығуын жасады.

Бұл жаттығудың мақсаты: топ қатысушыларының өз кемшіліктері мен қасиеттері туралы ұғымдарын терең зерделеуі, рефлексия дағдыларын дамыту, Мен-бейнені нақтылау; позитивті өзіндік қатынасты дамыту.

Кездесу қызықты өтті, одан кейін мұғалімдер өз пікірлерін орталықтың сын-пікірлер кітабына жазып қалдырды.

Ақпаратты А.О. Өмірова дайындады.