2013 жылғы 9 қазанда Отбасылық Тәрбиелеу Орталығының жетекшісі А.О.Өмірова Астана қаласы Білім басқармасы ұйымдастырған, «Мектеп пен отбасы өзара әрекеттестігі» тақырыбындағы психологтардың қалалық семинарына қатысты.

 

Орталық жетекшісі семинар қатысушыларына Астана қаласы Отбасылық Тәрбиелеу Орталығының қызметі туралы айтты, психологтардың «Отбасыдан қымбат не болуы мүмкін?» акциясына қатысқандары үшін алғыс айтты және Отбасылық тәрбиелеу институты атынан алғыс хаттар табыс етті.

Семинарда Отбасылық тәрбиелеу орталығының түлегі, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог - кеңесші Тасанова Айгүл №70 мектеп-лицейінде құрылған «Отбасылық тәрбиелеу мектебінің» тұсаукесерін жасады.

Психологтар әр мектепте, әр сыныпта ата-аналармен отбасылық тәрбиелеу жөнінде сауаттандыру жұмысын жүргізу мақсатындағы мұндай мектептер ашу қажеттігін айтып, Тасанова Айгүлдің бастамасын қолдады. Бұл – ата-аналардың өз балаларын сапалы тәрбиелеулеріне назар аударуларына және әр ата-ананың тәрбиелеуге деген жауапкершілігін арттыруларына мүмкіндік береді.

 

Ақпаратты дайындаған: А.О.Өмірова