2013 жылғы 23 қазанда Астана қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталағы №27 «Балауса» балалар бақшасының ата-аналар жиналысына қатысты.

Ата-аналар жиналысының тақырыбы «Баланың ақыл-ой қабілетінің дамуындағы отбасының рөлі» деп аталды. Жиналыста отбасылық тәрбиелеу стилінің баланың ақыл-ой қабілеті деңгейінің дамуына ықпалы туралы сөз болды.

Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Өмірова  Айнұр  Оралбекқызы «Отбасылық тәрбиелеу стилінің баланың ақыл-ой қабілеті деңгейінің дамуына ықпалы» тұсаукесерін көрсетті, балалар темпераментінің төрт түрі туралы әңгімелеп берді және ата-аналарды балаларымен бірлескен сабақтарды қалай жүргізуге болатындығын үйретті, ұсақ моториканы, зейінді, жадыны, ойды және сөзді дамытуға арналған әр түрлі жаттығулар мен ойындар көрсетті,  көңіл-күйді көтеруге және стресті босатуға арналған көңілді сергіту жаттығуларын жасады, ал ең соңында «Көңіл күйлер мектебі» бейне сабағының тұсаукесерін көрсетті, онда өз балаларына махаббатын көрсету қажеттігі туралы айтты, мұның арқасында балалар салауатты, салмақты және ақылды болып өсетіндігін баса айтты.

Психолог ата-аналарға өз балаларымен қарым-қатынас орнатуда табыс тіледі. Ең бастысы – өз туған-туыстарын және жақындарын жақсы көруге және сақтауға назар аудартып, ол атақты отбасылық    психотерапевт  В. Сатирдің:  «Төрт құшақтау әр адамға өмір сүру үшін қажет, ал жақсы көңіл-күй үшін күніне сегіз реттен аса  құшақтасу тек балаға ғана емес, ересекке деген керек деп айта отырып, баланы күніне бірнеше рет құшақтау керек. Махаббатқа деген қажеттікті қанағаттандыру және қабылдау – баланың психикалық дамуы үшін қалыпты шарт. Егерде олар шүбәсіз қабылдау белгілерін алмайтын болса, онда мінез-құлықта ауытқу, басқа сөзбен айтқанда, эмоционалды бұзушылық болуы ықтимал»,-деген пікірін оқып берді.

Балалар бақшасының меңгерушісі Нұрмұхамбетова Жәзира Ғадылқанқызы ата-аналарды Астана қаласындағы Отбасылық тәрбиелеу орталығымен ынтымақтасуға шақырды және балалар бақшасы негізінде «Отбасылық тәрбиелеу мектебін»  ашуға әзірлігін хабарлады.

Ақпаратты дайындаған  А.О.Өмірова