Отбасылық Тәрбиелеу Институты «Рухани келісім күнін» мерекелеу қарсаңында Аршалы кентінде «Конфессияаралық және этникааралық келісімнің қазақстандық моделі: жетістіктер, проблемалар, перспективалар»

тақырыбындағы Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауыл әкімдерімен өткізілген дөңгелек үстел басында кездесудің тамаша мүмкіндігі туды, ондағы тақырыптың бірі - қазақстандық қоғамдағы отбасының рөлі мен отбасылық тәрбиелеу мәселесі болды.

Барлығы отбасыдан бастау алады! Жаңа өмірдің пайда болуы, оны тәрбиелеу, социумға енгізу, отбасылық құндылықтарды және дәстүрлерді сіңру, әр түрлі өмір жағдайларында көмек пен қолдау көрсету, мектепке дайындау, отбасындағы және адам – мемлекеттің азамат тұлғасының қалыптасуындағы ең маңызды оқиғалардың барлығына қатысу. Отбасы – ең маңызды тәрбиелеу инситуты болып табылатындығын барлығымыз да білеміз. Тек ғана тату-тәтті және бақытты отбасында ғана онсыз өмір сүру мүмкін болмайтын барша жалпы адами құндылықтар пайда болады!!!

Ата-ана өз баласына не тілейді? Ол өз баласының өздерінен де жақсы, табысты, бай өмір сүргендігін қалайды. Әр адамның өз тегінің алдындағы міндеті – бала туу болып табылады, дәлірек айтқанда рудың жойылу үрдісіне жол бермеу үшін, кем дегенде үш бала туу. Сонымен қатар балаға рухани құндылықтарды, тіршілік етудің, табысқа жетудің ең тиімді әдістерін үйрету де маңызды. Отбасылық қарым-қатынастар толыққанды құрылып және биік сенімділік, мәдени қатынастардың басымдылықтары мен шынайы отбасылық жақындық негізінде үзілмегендігінің көптеген мысалдары бар. Міне осыны барлығы үйреніп, барлығын үйреткен абзал!!!

Жаңа қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанды әрі қарай да сенімді түрде дамыта беруді жалғастыру және Елбасының алдымызға қойған перспективалық міндеттерін табысты орындау үшін, сауатты, рухани-өнегелі және дарынды, тәрбиелі, өз мақсаттарын және мемлекеттің даму бағыттарын көрегенділікпен көре білетін адамдарды дайындау жөніндегі мемлекеттің барлық институттарының жұмыстарын бұдан әрі жүргізу қажет.

«Нұр Отан» партиясының саяси құжаты – Доктринаның «Біздің құндылықтарымыз» тарауында: «Отбасын нығайту және қүндылықтарды сақтау – біздің мемлекеттілігіміздің дамуының кепілі. Сондықтан біз отбасы дәстүрін жан-жақты нығайтуымыз қажет». Отбасылық тәрбиелеу институты міне үш жыл бойы өзінің құрылуының негізгі мақсатын орындап келеді – «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша отбасылық тәрбиелеу жөнінде Қазақстан Республикасының педагогикалық мамандарының біліктіліктерін көтеруді міндетін мақсатты орындап келеді, ата-аталар жұртшылығымен, педагог мамандармен, ел тұрғындарымен отбасылық педагогика және психология, отбасылық тәрбиелеу саласында педагогикалық мәдениет пен ата-аналарды сауаттандыру бойынша жұмыс істейді.

Кездесу барысында Отбасылық Тәрбиелеу Институтының директоры Л. Набитовская ауыл әкімдерін институттың қызметімен және оның даму перспективаларымен таныстырды. Оларға барлық ауылдарда «Отбасылық тәрбиелеу мектептерін» құру ұсыныстарымен шықты, институт дайындаған отбасылық тәрбиелеу жөніндегі ата-аналарға арналған тренингтердің тақырыптарын ұсынды және бұл жобаның тұжырымдамасын берді.

Бұл үшін институтта барлық қажетті құралдардың бар екендігін атап өтті және қызығушылық танытып жатқандарға институт ұйымдастырушылық және әдістемелік тұрғыдан көмектесетіндігін де  айтты.

«Отбасылық тәрбиелеу мектептерін» және «Ата-аналарға арналған педагогикалық білімдер университеттерін» құрудағы тәжірибе институтта бар. 2011 жылғы желтоқсаннан бастап Астанада Ата-аналарға арналған педагогикалық білімдер университеті табысты жұмыс істеп келеді. Астана қаласындағы мектеп оқушыларының ата-аналарына арналған 80 астам тренинг сабақтар өткізілді, оған 5000 астам адам қатысқан. Ел өңірлерінде жаңа Мектептер құру бойынша жұмыс өз жалғасын табуда! Қазіргі кезде 200 астам мектеп құрылған, оларда отбасылық тәрбиелеу тақырыптары бойынша ата-аналармен түрлі кездесулер өткізілді. Бірақ мұның өзі де аздық етеді. Отбасылық сәтсіздіктердің деңгейін төмендетіп, отбасындағы өзара қарым-қатынасты жақсарту, жасөспірімге мамандық таңдау кезінде көмектесу,  мектеп пен отбасы байланысын нығайту және т.с. үшін мектептер барлық білім беру мекемелері мен еңбек ұжымдарында жұмыс істеулері керек.

Отбасы – әр адам үшін құндылық!!! Ауылдардың, аудандардың, қалалардың осы бағдарламаға қатысуы, отбасы институтын тек ауыл, аудан, қала көлемінде ғана емес, жалпы мемлекеттік деңгейде нығайтатындығы сөзсіз!!!!

Л. Набитовская