№66 ЖБМ Астана қаласы мектептерінің сынып жетекшілерімен мен Отбасылық Тәрбиелеу Институты өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесу семинар түрінде болды, оған 50 астам адам қатысты.

 

Іс-шараны «Өрлеу» «БАҰО» АҚ қалалық филиалы ұйымдастырды. Бұл жолы Отбасылық Тәрбиелеу Институтының қызметкерлерінің алдында – сынып жетекшілерін отбасындағы сәтсіздіктерді ерте анықтау және оның салдары ретіндегі балалардың ауытқушылық мінез-құлқының алдын ала бойынша бастапқы жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесімен таныстыру міндеті қойылды.

Кездесуді Л.Н.Набитовская ашты. Любовь Николаевна өзінің баяндамасы барысында қатысып отырған сынып жетекшілерін Институт қызметімен таныстырып ғана қоймай, сонымен қатар, ұстаздардың назарын қоғамның ең өзекті проблемасы – отбасы мен мектептің өзара байланысы мәселесіне аударды. Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-маңызды проблеманы шешу үшін, сынып жетекшілерін ата-аналармен отбасылық тәрбиелеу жөніндегі ағартушылық жұмыспен айналысуға шақырды. Әр сыныпта «Отбасылық Тәрбиелеу Мектептерін» құру бойынша тұжырымдаманы, сонымен қатар отбасылық тәрбиелеу тақырыптарынан құралған 25 дайын сабақ тренингтерді ұсынды.

Любовь Николаевна бүгінгі таңдағы жасөспірімдер жасаған қылмыстардың және әр түрлі құқық бұзушылықтардың өсуінің негізгі себептерінің бірі – отбасындағы теріс әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа беру болып табылатындығын атап өтті, ал нашар отбасында тұратын балалар мінез-құлықтың  теріс моделін игеріп, болашақта да оны өз отбасыларында көрсетеді.

Отбасылық Тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші, Институттың әдіскері Матаева Алтыншаш Түменбайқызы сынып жетекшілерін «Отбасылық сәтсіздіктерді ерте анықтау проблемалары және әлеуметті қауіпті жағдайдағы отбасыларымен алдын алу жұмыстарын жүргізудегі сынып жетекшісінің үйлестіруші рөлі», «Отбасындағы стрестік жағдайларды анықтаудың заманауи әдістемелері» тақырыптарымен таныстырды.

Сынып жетекшілеріне арналған өзекті мәселелерді талқылау, топтық арт терапия элементтерін пайдалана отырып, дөңгелек үстел үшін ерекше түрде өтті.

Іс-шараның қорытындысын шығара отырып, әрбір қатысушысы осы кездесу оларға осы бағыттағы жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін өздері пайдаланатын, осы бағыттағы жұмыстың өзге тәжірибесімен танысуға мүмкіндік бергендіктерін атап өтті.

А.Матаева