«Ұяда не көрсең,

 ұшқанда соны ілерсің»

2013 жылғы 25 қазанда Астана қаласындағы Отбасылық тәрбиелеу орталығында отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші, институт түлегі Қорғамбаева  Арай  Серікқызы «Қуаныш», «Балбөбек-2009» балалар бақшаларының ата-аналарымен тренинг өткізді.

 Орталық жетекшісі – А.О.Өмірова ата-аналарға Отбасылық тәрбиелеу институтының және Отбасылық тәрбиелеу орталығының қызметтері туралы айтып берді.

Астана қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығында  отбасы мәртебесі мен отбасылық тәрбиелеуді нығайту жөнінде қаланың ата-аналар жұртшылығын сауаттандыруға арналған 5 жоба жұмыс істейтіндігін атап өтті, атап айтқанда:

  • «Ата-аналарға арналған Педагогикалық білімдер университеті;
  • «Астана қаласындағы білім беру мекемелеріндегі Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі мектептер;
  • «Біргеміз» Жас жұбайлар мектебі»;
  • « «Саби-Fanny» Жас ата-ана мектебі;
  • «Melenium-Жас» Жастар мектебі».

Айнұр Оралбекқызы ата-аналарды С.Л. Евдокимованың авторлығымен біздің институтымыз шығарған, «Қалайша жақсы ата-ана болуға болады» әдістемелік құралын пайдалана отырып, педагогика және психология саласында өз білімдерін жетілдіруге шақырды.

Тренингтің басында психолог Арай Серікқызы ата-аналарды өз балалық шақтарына қайта оралуды ұсынды: құрдастары таққан, бұрынғы лақап аттарын, ата-аналарының қандай атпен атап еркелеткендерін еске түсірулерін сұрады. Тренингке қатысқан ата-аналар балалық шақтарын еске түсіріп, өздерінің ата-аналарының мейірімді, жылы  сөздерінің есте қалғандықтарын және бұл сөздер оларға жылылық пен қуаныш және бақыт сыйлағандықтарын және бұл сөздер оларға  сенімділік ұялатып, оларды күшті, ақылды еткендерін айтты. Ал жағымсыз аттарды  тіпті естеріне алғылары да келмеді.

Осы туралы әңгімелескен ата-аналар ата-аналарынан балағат сөз естіген балалардың өздерін қалай сезінетіндіктері туралы баяндайтын бейнефильм көрді. Балағат сөз никотин сияқты өкпеге жабыспайды және алкологоль  сияқты асқазанды күйдірмейді. Осыған қарамастан, ол баланың денсаулығына күшті әсер етеді, оның жүйке жүйесі бір ғана дөрекеі әділетсіз немесе әдепсіз сөзден де ауыр зардап шегуі мүмкін.

Психологпен бірге фильм қараған ата-аналар мынандай қорытынды шығарды:

 Жақсы ата-ана дөрекі сөздер мен үздіксіз айғайлар баланы нашар тәрбиелеп, оған теріс әсер ететіндігін естен шығармаулары керек. Баланың ар-намысына тиіп, оның адами қасиетін кемсітіп, балалар мен ересектер арасындағы қарым-қатынасты шиеленістіре түседі, үлкендердің талаптарына ішкі қарсылықтың дөрекі қарсылығын тудырады, ал бұл болса балалардың да және ересектердің де жүйке жүйесін әлсіретеді, екі жақтың да өмірін қиындатады. Бейпілауыздықтың қапырық жағдайында өмір сүрмеу үшін зиянды әдетті қояу туралы шешім қабылдаған жөн.

Мұны қалай жасауға болады? Ата-аналар бұл сауалға жауапты тренинг барысында өздері тапты.

«Суретшілер», «Мүсіндер», «Әртістер»  жаттығуларын ойнаған ата-аналар бейпілауыздықтың алдын алу бойынша келесі шешімдер қабылдады:

Біріншісі: Ата-ананың өзінің жаман сөздер айтауы.  

Екіншісі: Басқаны көшірмелемеу, басқаға ұқсамауға тырысу, өзіндік ерекшелігін сақтау және төменде айтылған сөзді естен шығармау:

«Ауызға кірген емес, ауыздан шыққан былғайды».

Үшіншісі: Өзін-өзі ӘДЕПТІ және ӘДЕМІ сөйлеуге жаттықтыру. 

Тренинг туралы ата-аналардың пікірлері:

Алсина: «Өткізілген тренинг үшін Отбасылық тәрбиелеу институтына рахмет! Біз бүгін зиянды әдеттерге басқа тұрғыдан қарадық және ата-аналардың өз балаларын балағаттайтын бейнефильмді қарап бейпілауыздықтың зияны туралы білдік, ыңғайсыз және жайсыз болды, бірақ  өкінішке орай, бұл біздің өмірімізде жиі кездесетін жайт. Тақырыптық дәрісті тыңдағаннан кейін, былапат сөздердің проблемасын терең түсіндік. Біз бүгін медицинада бейпілауыздық проблемасы «Капролалия ғылымына жатқызылатындығын білдік. Мұндай тренингтер ата-аналарды жақындастырады, тәрбиелеу үдерісіндегі проблемаларды көрсетеді, оларды шешудің және алдын алудың жолдарын көрсетеді. Институтқа бұдан әрі де ата-аналармен отбасылық тәрбиелеу жөнінде жүргізілетін жұмыстарына табыс тілейміз!!!».

Юлия: «Мен тренингке қатысқандығыма қуаныштымын. Тәжірибелік сабақта өзімді шығармашылық жағымнан байқап көрдім және өзімнің ертегінің жағымсыз және жағымды кейіпкері рөлдерін табысты орындағандыма таңғалдым. Жалпы жағымды эмоциялар алдым. Аса қызыты өткізілген тренинг үшін алғыс айтамын. Ол – қатысып отырған ата-аналар үшін сабақ болды. Жаман әрі зиянды нәрсе – жанды жаралайды!!! Біздің міндетіміз – бұған жол бермеу!!!

Ақпаратты дайындаған: А.О.Өмірова