2013 жылғы 4 қарашадан бастап еліміздің түпкір-түпкірінен 2010 мектеп психологтары «Бақытты отбасы» Отбасы Тәрбиелеу жөнінде педагогтардың біліктіліктерін көтеретін Республикалық жобаның (авторы С.Л. Евдокимова) кезекті төртінші соңғы сессиясына жиналады. Педагог-психологтардың біліктіліктерін көтеретін Республикалық жоба қатаң түрде кесте бойынша және бекітілген бағдарламамен өткізіледі. Ол 1005 сағат теория мен тәжірибені көздейтін, әрқайсысы 12 күннен болатын, 4 сессиядан тұрады. Бұл сессия маңызды, қызықты, жауапты және есте қаларлықтай болады, өйткені сессия өтетін күндері біздің институтымыздың ашылғанына үш жыл болады!!! 12-15 қараша аралығында Отбасылық тәрбиелеу институты тыңдаушыларының үшінші легі үшін курстық зерттеу аттестациялық жұмыстарын қорғау болады. Қорғаудан соң, «Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші» біліктілігін тағайындалу арқылы 210 педагогтың салтанатты шығарылымы өтеді.

Ел өңірлерінің білім беру мекемелерінің педагогтары үшін біліктілікті көтеру курстары қандай жаңалықтар берді?

«Курстар біздерді, педагогтарды өзімізге басқа көзқараспен қарауға, ал өзіміздің күнделікті жұмысымызды мүлдем басқаша қарастыруға үйретті. Осы жоба барысында ресейлік және отандық профессорлар қаруландырған білім бізге сырттай қарағанда тым жақсы отбасында тәрбиеленген бала неліктен сабақта өзін дұрыс ұстай алмайтындығын түсінуге мүмкіндік берді. Мұндай мәселелерде аса нәзік тәсіл қажет. Міне тап осындай тәсілдерге біз осы курстар барысында үйрендік. Сонымен қатар арт терапия әдістемелерін, тренингтер жүргізу жүйелерін үйрендік, құндылықтар туралы дәрістер тыңдадық»,-деп атап өтті Павлодар облысынан келген тыңдаушылар.

Отбасылық Тәрбиелеу Институтының қызметкерлері біздің тыңдаушыларымыз Астана қаласында өтетін төртінші оқу сессиясын асыға  күтетіндіктеріне қуанышты, өйткені бұл сессия тыңдаушыларға отбасылық педагогика мен психология саласында жаңа білімдер сыйлайды, тәжірибелер алмасуға мүмкіндік береді және педагогтың кәсіби білімдерінің сапасын арттырады.

Л. Набитовская