Мемлекеттік жалпы орта ж
әне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық мамандарының біліктіліктерін арттыру бойынша IV Республикалық жобаның 2 легінің 15 күндік бағдарламасының жартысы да өтті.

Ал бұл дегеніміз, бүгін 8 мамырда Астанаға И. Баранаускене, Г.В. Новикова, С.А.  Попова, Л.Д. Лебедева, Е.А. Маралова, Ю.А. Россинский, С.В. Кривцова сынды халықаралық деңгейдегі 7 оқытушыдан, педагогикалық, әлеуметтік және медицина ғылымдарының кандидаттарынан және докторларынан, профессорларынан құралған екінші топ келді деген сөз, олар 15 мамырға дейін қазақстандық педагог-психологтарға авторлық дәрістер оқып, жаңа технологияларды қолданып, шеберлік сыныптарын өткізеді, сондай-ақ тиімді жаңа тәжірибелерді көрсетеді.  

Аталмыш жобаны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Отбасылық Тәрбиелеу Институты орындауда. Елдің 16 өңірінен біліктіліктерін арттыруға жіберілген ұстаздар авторы профессор, педагог-психолог, Институттың бас директоры болып табылатын С.Л.Евдокимованың «Бақытты отбасы» оқу курсы бағдарламасы бойынша білім алуда.