Бүгінде  бүкіл әлемде экология проблемасы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Озондық ойықтар, кеуіп бара жатқан теңіздер – міне осылардың барлығы экологтар мен қарапайым ғаламшар тұрғындарын қатты толғандырады. Әлем ғалымдары адам қызметінің қоршаған ортаға тигізер бұзушылық  ықпалын тотқтату үшін тынбастан еңбек етуде.

Өткен жылы Қазақстан халықаралық ЕХРО көрмесінің ұйымдастырушысы деген атаққа қол жеткізді. Жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ бүкіл әлем елдерінің тарихтары, дәстүрлері көрсетілетін көрме 2017 жылы болады.  Алдағы халықаралық іс-шараның ұраны  «Болашақтың энергеиясы» болмақ.

Көрменің ұранын негізге алып, Астана қаласы №62 мектеп-лицейі негізінде жоғары сынып оқушылары арасында «Экспо-17» және «Қазақстанның дамуына арналған Жасыл экономика» тақырыптарында мектеп олимпиадасы өтті


 Іс-шараны
ң бастамашылары мен ұйымдастырушылары «Астана Экспо-2014 ҰК» АҚ мен «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ,  болды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өтті. Олимпиадаға қатысу үшін өтініштер ағымдағы жылдың 10 ақпаны мен 31 наурызы аралығында  қабылданды

Олимпиаданың ресми басталуын төраға – ҚР Парламент Мәжілісі депутаты М.М.Бегентаев, сондай-ақ құрметті әділ қазылар алқалары: ЭКСПО-17 өкілдері А.Б.Қожақова, ҚР ҚОСРМ өкілі – Б.Д.Керей, «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» өкілі С.Т.Рахымбекова жариялады.

Елорданың 18 атақты және кәсіби экологтары, биологтар мен химиктері бірнеше сағат бойы олимпиада қатысушыларының білім деңгейлерін тексерді. Қазылар алқасы арасында директоры Л.Н.Набитовская атынан Отбасылық тәрбиелеу Институты да қатысты.

Олимпиада екі – тестілеу мен ауызша жауаптар  кезеңдерінен тұрды. Тестілеуге астаналық 27 мектептер мен лицейлердің 71 оқушысы қатысты, бірақ финалға тек 22 қатысушы ғана шықты. Финалдық тур 30 сәуірде өтеді, ал жеңімпаздарды марапаттау 25 мамырда болмақ.