Мектеп түлектері бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсыруға қалайша дұрыс дайындалуы керек? ҰБТ тапсыру қарсаңында талапкерлердің ата-аналары нені білуі тиіс? Алдағы ҰБТ-ге моральдық тұрғыдан қалай әзірлену керек?

 

Осы да және басқа да сауалдарға «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбындағы Республикалық ата-аналар жиналысында жетекші және кәсіби  мамандар жауап табуға көмек береді. Жобаны «Нұр Отан» Партиясы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қолдады.


Республикалық ата-аналар жиналысы 18 мамырда (жексенбі күні) еліміздің 17 қаласында бір мезгілде өтеді. Алдын ала деректер бойынша, оған 45 000 мектеп түлектерінің ата-аналары қатысушы болмақ.  Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсетуге байланысты мәселелерді талқылайтын мұндай ауқымды жиналыс Қазақстанда алғаш рет өткізілмек. Өз кезегінде бұл жағдай біздің Республикамызда теңдесі жоқ, жобаның бірегейлігі туралы айтуға мүмкіндік береді.


Ата-аналар жиналысының қатысушылары үшін «Отбасылық Тәрбиелеу Институтының» жетекші мамандары тақырыптық бейнероликтер, жазбаша түрдегі (қазақ және орыс тілдеріндегі) үйрету сабақтары мен сауалнамалар әзірледі.  Әр қатысушы «Отбасылық Тәрбиелеу Институтынан» кеңестер мен ұсыныстар жазылған жаднымаларға ие болады. «Отбасылық Тәрбиелеу Институты» Республикалық ата-аналар жиналысынтабысты өткізу үшін,  оқу орталығымызда өзінің білімі мен біліктілігін растаған түлектерін Қазақстанның қалаларына жібереді.


ҚР Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, 2014 жылы 154 ҰБТ өткізу пункттерінде 100 мыңнан астам мектеп түлектері тестілеуден өтпек. ҰБТ үстіміздегі жылдың 1-15 маусымы аралығында өтеді.

Қазақстан Республикасының БАҚ өкілдеріне өз қалаңызда, оның ішінде, Астана қаласында да өтетін Республикалық ата-аналар жиналысы туралы айту мүмкіндігі ұсынылатын болады. Мектептерде теле-және фототүсірілімдер, сұхбаттар ұйымдастыру үшін БАҚ редакциясынан БАҚ толық атауы, аккредитацияланатын тілшілердің Т.А.Ә. көрсетілген аккредитациялауға арналған өтініштер мен сіздің редакцияңыздың байланысу ақпаратын «Ата-аналар жиналысы» белгісімен, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына 2014 жылдың 15 мамырына дейін жіберулеріңізді сұраймыз. «Отбасылық Тәрбиелеу Институтының» қосымша анонстары 2014 жылдың 17 мамырына дейін жіберілетін болады. Тел:  (7172) 94-96-51, 94-96 77, 94-96-54.

Алғашқы Қазақстандық  Бірыңғай Ата-аналар жиналысына хош келдіңіздер!

 

 

Мектеп психологтарының біліктіліктерін арттыру жөніндегі Республикалық жобаның 2 легінің екінші толқыны

Мемлекеттік жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық мамандарының біліктіліктерін арттыру бойынша IV Республикалық жобаның 2 легінің 15 күндік бағдарламасының жартысы да өтті.

Ал бұл дегеніміз, бүгін 8 мамырда Астанаға И. Баранаускене, Г.В. Новикова, С.А.  Попова, Л.Д. Лебедева, Е.А. Маралова, Ю.А. Россинский, С.В. Кривцова сынды халықаралық деңгейдегі 7 оқытушыдан, педагогикалық, әлеуметтік және медицина ғылымдарының кандидаттарынан және докторларынан, профессорларынан құралған екінші топ келді деген сөз, олар 15 мамырға дейін қазақстандық педагог-психологтарға авторлық дәрістер оқып, жаңа технологияларды қолданып, шеберлік сыныптарын өткізеді, сондай-ақ тиімді жаңа тәжірибелерді көрсетеді.  



Аталмыш жобаны
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініңқолдауымен Отбасылық Тәрбиелеу Институты орындауда. Елдің 16 өңірінен біліктіліктерін арттыруға жіберілген ұстаздар авторы профессор, педагог-психолог, Институттың бас директоры болып табылатын С.Л.Евдокимованың «Бақытты отбасы» оқу курсы бағдарламасы бойынша білім алуда.

Жоба тыңдаушыларға жаңа кәсіби білім ғана беріп қоймай, ол қазақстандық педагог-психологтар үшін тәжірибе алмасу алаңы болып табылмақ, сондай-ақ оқу орындарындағы психологиялыққызмет істерінің жағдайын талдауға мүмкіндік береді, отбасы мен мектеп өзара әрекеттестігін нығайту мәселесін шешудің жаңа тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді.