15 ма
мырда Астанада жалпы орта және мектепке дейінгі білім беретін мемлекеттік мекемелердің педагогикалық мамандарының отбасылық тәрбие жөніндегі біліктіліктерін арттыру IV Республикалық жобаның ІІ легінің салтанатты жабылуы өтті.

 

Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналған 308 педагог-психологтар авторы профессор, педагог-психолог  С.Л. Евдокимова болып табылатын «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша оқу курсынан өтті. Бағдарлама курсы 835 сағаттан тұрды, оның 198 – дәрісханалық.

15 күн ішіндегі үздіксіз білім алу уақыты ішінде институт тыңдаушылары шеберлік сыныптарында болды, дәрістер тыңдады, тәжірибелік тапсырмаларға және зерттеу жұмыстарына қатысты,  тәжірибе сабақтарына қатысты, рефераттар, эсселер, аттестациялық жұмыстар жазды. Ал сессия қорытындысы бойынша сәйкес сертификаттарға ие болды, әр топтың топ басы да Институттың алғыс хаттарымен аталып өтілді.



Өз кезегінде тыңдаушылар да Институт қызметкерлерін таңғалдырды, әр топ өздерінің жауап сөздерін әзірлеп әкеліпті. Олар ән айтып, би биледі, өздері шығарған өлеңдерін оқыды, сондай-ақ өткен курс туралы пікірлерімен бөлісті.





«Осында келе жатқан кезде барлығы осылайша айрықша маңызды болады деп ойламаппын және алдағы сабаққа үлкен жауапкершілікпен қарамадым. Бірақ бұл курстан өткен соң, 15 күн ішінде мен өзімнің 4 жыл бойы университет қабырғасында меңгерген білімнен  көбірек білім алдым деп айта аламын! Осы жоба бойынша білім алу мүмкіндігін ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі мен әрине Отбасылық Тәрбиелеу Институтына шексіз алғыс айтамын!,-деп мәлімдеді өз сөзінде түлектердің бірі.