18 мамырда
Қазақстанда «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету»  Республикалық бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті.

 

Отбасылық Тәрбиелеу Институтының 140 түлегі еліміздің 17 қаласында түлектердің ата-аналарына Бірыңғай  ұлттық тестілеуді тапсыруға 11 сынып оқушысының қалай дұрыс дайындалуға болатындығы мен жасөспірімнің ҰБТ тапсыруы алдында оның ата-анасы  нені білуі және нені жасай алатындығы туралы  және өз  баласын алдағы емтиханға қалай бағдарлау керектігі жөнінде айтты.




Жиналыс Қазақстанның 17 өңірінде өтті және елдің 131 мектебін қамтыды:
Көкшетаудағы 4 мектеп; Ақтөбедегі  7 мектеп; Талдықоргандағы 4 мектеп;  Атыраудағы 6 мектеп; Өскемендегі 6 мектеп; Тараздағы  8 мектеп; Оралдағы  6 мектеп; Қарағандыдағы   7  мектеп және Қостанайдағы 4 мектеп. Бұдан басқа бұл жиналыс Қызылорданың 12 мектебін, Ақтаудың 5 мектебін, Павлодардың 7 мектебін, Екібастұздың 5 мектебін, Петропавлдің 4 мектебін;  Шымкенттің 12 мектебін; Астананың  15 мектебі  мен Алматының 19 мектебін қамтыды. 


Алдымен мамандар баланың әкесімен өзара қарым-қатынасы  және ананың рөлі мен ана махаббатының маңыздылығы туралы бейнематериалдар көрсетті. Қатысушылардың арасында осы роликтердің сюжетін көріп, көз жастарына ерік бергендер де болды. Сосын  психологтар ата-аналарға тиімді әрі сергітетін жаттығулар өткізді.


Отбасылық Тәрбиелеу Институтының  сарапшылары осы маңызды іс-шара үшін ата-аналарға арналған сауалнамалар мен жадынамалар жасаған болатын.


Жиналыстың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға ата-аналарға арналған жадынамалар таратылды. Онда ҰБТ-ге баланы қалай дайындау керек: оны қалай тамақтандырып, баланың күнін қалай жоспарлап, жұмыс орнын қалай орналастыру керек және т.с. туралы айтылған.