Республикалық ата-аналар жиналысы аяқталғаннан кейін оның қатысушылары-№71 мектеп-лицейдің (Астана қ) ата-аналары өткен іс-шара туралы өздерінің әсерлерімен және пікірлерімен бөлісті.

 
Майя Тұрғамбаева:

- Менің ұлым биыл ҰБТ тапсырады. Мен ана ретінде өз баламды әрдайым қолдаймын. Мен бастысы оның алған нәтижесінің салдарынан, менің оған деген қарым-қатынасымның өзгермейтіндігін түсінемін. Психологтың сөздерін тыңдау өте қызықты болды. Шынымды айтсам, мен бүгін өзіме беймәлім көп нәрселерді білдім. Пайдалы тарату материалы үшін жеке алғыс айтқым келеді.   

Меруерт Таңжарықова:

- Менің қызым биыл ҰБТ тапсырады. Шынымды айтсам, мен бұл жиналыс – әдеттегі пікірталас екен деп ойлаған едім. Бірақ бүгінгі көргенім мен естігенім маған қатты әсер етті. Маған бүгін әдетте өзіміздің айналамызда болып жататын дағдылы нәрселерді байқай бермейміз деген ой келді. Маған Отбасылық Тәрбиелеу Институтының басшысы Софьи Евдокимованың сөздері қатты ұнады. Мен мұндай жиналыс – отандық білім беруді дамыту ісіндегі үлкен әрі маңызды қадам деп санаймын. Іс-шараның жыл сайын өтетіндігі өте жақсы.

Рыспек Исмайылов:

- Біздің отбасымыз үшін ұлымыздың ҰБТ сәтті тапмырғаны өте маңызды. Сондықтан бүгінгі психологтармен болған кездесу менің өзіме ата-ана ретінде басқа жақтан қарауға мүмкіндік берді. Маған бұл жиналыстың сценарийлік барысы қатты ұнады. Ұйымдастырушылардың жақсы дайындалғаны көрініп тұр. Жиналыс барысында алған ақпараттар маған болашақта отбасында бала тәрбиелеуде керек болады. Мен бұл шараға қатысқаныма қуаныштымын.

 Абзал Беганов:

- Мен бүгінгі өткізілген жиналысқа аса ризамын. Бейнероиктен көрсетілген үзінділер шын мәнінде де көңіліңді босатады екен. Тарату  маткриалдары мен сабақтардың маған қажет болатындығын атап өткім келеді. Мен ҰБТ бұл – түлектің жолының бастауы ғана және сол үшін ақыл айтып, баланың жүйкесін жұқарту керек емес деп санаймын. Одан да ұлымның психологиялық және физикалық денсаулығына қамқорлық жасайтын боламын. Оның түлектері-психологтар бізге ата-аналарға қарпайым шындықты түсінуге көмек бергендері үшін, Отбасылық Тәрбиелеу Институтына алғыс айтамын.

Владимир Моторин, №71 мектеп-лицейінің директоры:

- ҰБТ қарсаңында біздің өзімізде жыл сайын осыған ұқсас іс-шаралар: жеке кеңестер, жиналыстар, түсіндірме жұмыстарын өткіземіз. Бірақ Республикалық ата-аналар жиналысы бұл – мүлдем басқа. Ата-аналар барлығын басқа жағынан көре алды: мектеп әдетте ата-аналардан баласының қандай да бір пәнге жақсы дайындалуына кеңес берсе, ал ата-аналар болса, өз кезегінде балаларға қысым жасайды, осыдан келіп, балалардың бойында күшті моральды және эмоционалдық қысым пайда болады. Ал бүгін, Отбасылық Тәрбиелеу Институты  тренинг элементтері пайдалнылған, ата-аналар жұртшылығымен жұмыстың жаңа түрін ұсынды, ол ата-аналарды өз балаларынан алыстатуға емес, жақындатуға мүмкіндік береді және мектеп пен отбасы өзара қарым-қатынасын нығайтады.