14 қыркүйекте Қостанайда өткен «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» конференциясынан кейін Отбасылық Тәрбиелеу Институтының өкілдеріне 65 лебіз айтылды. 

Олардың ішінде 47-сі ата-аналардан, 9-ы сынып жетекшілерінен, 6-ы мектеп психологтарынан, 2-і оқу ісі меңгерушілерінен, және 1-і мектеп директорынан болды. Барлық пікірлерді қорытындылай келе, конференция пайдалы әрі мазмұнды болғандығы белгілі болды; қатысушыларға бәрінен де «Әке, мені биге шақыр» және «Мен бәрін түсіндім, және баламды оқыту кезеңінде мұғалімдерге көмектесетін боламын» атты бейнематериалдар ұнады. Тыңдаушы көпшілік конференция жүргізушілері – отбасылық психологтар болып табылатын Отбасылық Тәрбиелеу Институты түлектерінің дағдылары мен кәсібилігін бағалағандығын да атап өткен жөн.

Тыңдаушылардың өздерінің пікірлеріне келер болсақ, олар мынадай болды:  

- «Отбасылық кеңесте алынған ақпаратты міндетті түрде талдайтын боламыз»;

- «Конференцияда алынған кеңестерді орындауға тырысатын боламыз»;

- «Біз балалары мектеп оқушылары атанған барлық ата-аналарға пайдасы орасан зор психологиялық көмекті дер кезінде алдық»;

- «Енді мен бала тәрбиелеудегі өз әдістерімді қайта қараймын және бұндай іс-шаралар ата-аналар үшін қажет деп санаймын»;

- «Енді мен баламмен қарым-қатынаста өзімді қалай ұстау керектігін білемін»;

- «Бұндай іс-шараларға міндетті түрде бару керек – үйренетін нәрсе көп»;

- «Мен бейімделу сәтті өту үшін, балаға қалай көмектесу керектігі туралы барлық сұрақтарға жауаптар алдым»;

- «Конференция барысында баламмен қарым-қатынастағы және өз мінез-құлқымдағы кемшіліктерді көре алдым»;

- «Біз ата-аналардың барлық мектеп іс-шараларына қатысуы тиіс екендігін түсіндік»;

- «Біз күшімізді біріктіре отырып, балаларымыздың жауапты, толерантты болуы үшін және жақсы оқуы үшін алға қойған мақсаттарымызға жетеміз деп ойлаймыз»;

- «Конференция өте пайдалы, бірақ оны жұмыс күндері өткізген дұрыс. Демалыс күндері бүкіл отбасыңмен бірге болғың келеді»;

- «Ата-аналарға арналған осындай ағарту жұмысын жалғастыруды ұсынамыз»;

- «Конференция   өз балама 1 сыныпта оқуға көмектесе алатындығыма және оның жақсы оқуына бағыт-бағдар бере алатындығыма сенімімді арттырды»;

- «Мен бұл конференцияға келгеніме қуаныштымын, мен ұлымның оқудағы өміріне қатысуым қажет екендігін түсіндім, және жалпы әке болудың қаншалықты маңызды екендігін түсіндім»;

- «Бұрын ешқашан мұғаліммен бірге жұмыс істеп, мектепке жиі барып тұрудың қаншалықты маңызды екендігін ойлаған емеспін».