Солтүстік-Қазақстан облысынан алты мыңнан астам ата-ана 2014 жылдың 14 қыркүйегінде Қазақстан мектептерінде өткен «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық конференция» атты республикалық конференцияның қатысушылары болды.

«Нұр Отан» партиясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Обасылық Тәрбиелеу Институты іс-шараға бастамашы  болды. Оның жүргізушілері мектеп психологтары болып қызмет етіп жүрген Отбасылық Тәрбиелеу Институтының түлектері болды.

Ата-аналар конференциясының басты міндеті мектеп пен отбасы ынтымақтастығының берік іргетасын қалау болып табылады. Ата-аналар мен педагогтар білікті психологтардан баланың мектепке бейімделу кезеңінде оны қалай қолдау қажеттігі туралы, дербестікке қалай үйрету керектігі туралы, баламен қалай тиімді қарым-қатынас  жасау керектігі туралы кеңестер алды, бұл кеңестер баланың  әрі қарай дамуы мен мектепте табысты оқуына ықпал етеді.  

Өткізілген іс-шараға  ата-аналар тарапынан оң пікірлер айтылды, ата-аналар мектептің олардың тәрбиелік мақсаттарында сөзбен де, іспен де көмектесуге дайын екендігін сезінді.