«Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» республикалық ата-аналар конференциясы туралы үздік материалдар жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арасында болатын конкурстың қазылар алқасы конкурстық жұмыстар қабылдаудың мерзімін 2014 жылдың 19 қыркүйегіне дейін (соңғы күнді қоса алғанда) ұзартылғандығы туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға басылымдарыңыздың фирмалық бланкілерінде бас редакторлардың немесе басшының қолы қойылған, материал авторының тегі, аты-жөні және лауазымы, сондай-ақ жарыққа шығу күні және жарияланымдарыңызға гиперсілтеме көрсетілген ресми растау жолдау қажеттілігі туралы естеріңізге саламыз. Өз материалдарын жіберген авторлардан да осындай хаттар жолдауларын сұраймыз.

Пошта қабылдауға арналған байланыс e-mail:  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.