Мектеп табалдырығын аттау баланың өмірін айтарлықтай өзгертеді. Балаға жаңа жағдайға – жаңа талаптарға, жаңа қарым-қатынастарға (мұғалімдермен және құрдастарымен) бейімделуге қалай көмектесу қажет? Осы және көптеген өзге сұрақтарға әрбір ата-ана нақты жауапты білуі тиіс. 

 

14 қыркүйекте қазақстандық мектептерде «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты республикалық конференция өтті, осы шарада жоғарыда айтылған барлық сұрақтарға жауаптар берілді. Петропавлда бұл іс-шара 9 мектепті қамтыды. Оған мыңнан астам адам қатысты.

«Бұл акция  маған басқа әлемді басқа көзбен көре білуге көмектесті. Ата-аналардың, әріптестер мен мектеп психологтарының бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына білікті психологиялық көмек көрсетуге деген мүдделіліктерін көруге мүмкіндік берді», - деп алған әсерлерімен бөлісті іс-шараны жүргізген Отбасылық Тәрбиелеу Институтының түлегі, психолог  Абрамова  О. А.

Тыңдаушылардың өзіне келер болсақ, көптеген лебіздер мен пікірлерге қарап, іс-шараға қатысу оларға пайдалы болғандығын, мектептің ата-анаға тәрбие ісінде қолдауға, іспен де сөзбен де көмектесуге, және ең бастысы – өз балаларын осынау маңызды қадамға дайындауға көмектесуге дайын екендіктерін сезінгенді деп нық сеніммен айтуға болады.