Бүгін Отбасылық Тәрбиелеу Институтында «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты Бірыңғай ата-аналар конференциясын үздік жариялауға арналған Байқаудың қазылар алқасының отырысы өтті. Бұл байқау 2014 жылдың 24 шілдесінде жарияланған болатын.  

Бұрын хабарлағанымыздай, Байқаудың ұйымдастыру комитеті «Үздік телесюжет», «Үздік жаряланым», «Радиоға үздік репортаж», «Үздік фоторепортаж» номинацияларын белгілеген болатын, 1-ші орынға ҚР Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 1000 АҚШ доллары, 2-ші орын үшін 500 АҚШ доллары, 3-ші орын үшін 200 АҚШ доллары белгіленді. Байқаудың жүлде қоры Отбасылық Тәрбиелеу Институтының өз қаражатынан жасалды.   Қазылар алқасының құрамы:

- Отбасылық Тәрбиелеу Институтының Бас директоры Софья Евдокимова;

- Отбасылық Тәрбиелеу Институтының директоры Любовь Набитовская;

- «Отбасылық тәрбие. Семейное воспитание» журналының директоры Александр Евдокимов;

- «Отбасылық тәрбие. Семейное воспитание» журналының редакторы Жанар Сердалина;

- ҚР БҒМ жанындағы «Қаржы орталығы» АҚ Департамент директоры Земфира Абжекенова;

- Вячеслав мектебінің директоры, «Ақ бота» ҚҚ төрағасы Татьяна Немцан;

- Отбасылық Тәрбиелеу Институтының PR-менеджері Ирина Кальницкая.

Байқауға барлығы Қазақстанның 12 қаласынан 32 БАҚ редакцияларынан материалдар, фото және жарияланымдар түсті.

Қазылар алғасының шешімімен бүгін байқаудың финалынан өткен журналистер анықталды. Бұл Анар Таныркұлова ( «Астана» радиосы, Астанақ.), Вера Ляховская («Свобода слова» газеті, Алматы қ.), Гүлнар Тұрсынова ( «Казахстанская правда» газеті, Астана қ.), Торғын Нұрсеитова (Zakon.kz порталы, Алматы), Михаил Те («Знамя труда» газеті, Жамбыл қ.), Айнұр Базарова («Жайық үні» –« Жизнь города» газеті, Орал қ.), Дария Жұмаділова («Отарқа» газеті, Екібастұз қ.), Елтай Давленов (NewTimes.kz порталы, Астана қ.), Марина Михтаева («Радиоточка» медиапорталы, Алматы қ.), Базарбай Ерiсұлы («Қазақ радиосы», Астана қ.), Гүлмира Матхаликова («Экспресс-К» газеті, Астана қ.), Ирина Гус («РИКА-ТВ» телеарнасы, Ақтөбе қ.), Татьяна Ковалева (365info.kz порталы, Алматы қ.), «Pleasure» фотостудиясы  (Астана қ.), Жұрағат Баман («Астана» телеарнасы, Астана қ.), Александра Соломина «Петропавловск-ЖТРК»), Роза Мантаева ("Қазақстан-Көкшетау" телеарнасы, Көкшетау қ.).

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері  кейін аталды.

Суретте: Байқау финалына қатысушыларды анықталы.