10
қарашада Отбасылық Тәрбиелеу Институты өзінің төртінші туған күнін тойлайды. Институт қызмет етіп келе жатқан жылдар ішінде өзін Қазақстандағы  отбасы мәртебесі мен отбасылық тәрбиені нығайту жолында жұмыс істейтін мемлекеттегі салмақты ұйым ретінде көрсете білді.

Институт республикалық мемлекеттік жобаларды ұйымдастыруда нақты нәтижелерге қол жеткізе білді. Атап айтқанда: төрт жыл бойы Институт Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша мектеп және мектепке дейінгі мекеме педагог-психологтарының отбасылық тәрбие жөніндегі білктіліктерін арттыру жобасын орындап келеді. Бұл кезең ішінде Институт 1722 маманды дайындап шығарды, олар профессор С.Л. Евдокимованың авторлығымен әзірленген әдістер бойынша, халықаралық деңгейдегі психология мамандарының дәріс оқуымен өткен біліктілік арттыру курстарынан өтті.

2012 жылдан бастап Институт «Отбасыдан қымбат не болуы мүмкін?» деп аталатын ата-аналар жұртшылығына арналған отбасылық тәрбие мәселелері бойынша тегін көзбе-көз кеңес беру жөнінде жыл сайынғы республикалық қайырымдылық акциясын өткізуге бастамашылық етті, бұл акцияны Қазақстандағы Отбасы күніне орайластырып өткізу дәстүрге айналды. 2014 жылдан бастап Институт еліміздің ата-аналар жұртшылығымен жұмыс істеудің жаңа нысанын енгізді, олар: «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» және «Жасөспірімді ҰБТ-ға дайындау кезінде ата-аналарға психологиялық көмек» атты тақырыптық ата-аналар конференцияларын өткізу. Бұл іс-шараларды жыл сайын өткізіп тұру және жүйелеу жоспарланып отыр.  

Бүгінгі күні Институт еліміздің аймақтарында 7 қалалық орталықтар ашты:
- Астана
- Көкшетау
- Қарағанды
- Екібастұз
- Қостанай
- Тараз
- Шымкент.

Олардың әрбірінде ата-аналарға арналған отбасылық тәрбие жөніндегi мектеп жұмыс iстейдi. Сонымен қатар, әрбір Орталық ай сайын психологтарға, ата-аналар мен студенттерге арналған отбасылық тәрбие және ата-аналар жұртшылығының педагогикалық сауаттылығын арттыру жөніндегі семинарлар, тренингтер мен ашық сабақтар өткізіп тұрады.

Туған күні қарсаңында Институтқа өз тыңдаушылары да, республикалық маңызы бар ведомстволар да жағымды лебіздерін білдіріп, құттықтау сөздерін арнады. Олармен сіздер  «Отбасылық Тәрбие. Семейное воспитание» ғылыми-практикалық журналының бесінші нөмірінде таныса аласыздар.