Ертеде періштелер жерге сиқырлы дән егіпті. Дән «Отбасы» деп аталған екен. Бұл дән жер бетіндегі барлық адамдарға таратылыпты.

Береулер оны зәулім сарайда сақтаса, біреулер лашықта, енді біреулері жарықта, біреулер қараңғыда, ал енді біреулері аптап ыстық пен аязда сақтаған екен. Осындай түрлі қиын сұрапыл жағдайларда да ол өмір сүруін тоқтатпай, жеміс беріп, адамдарға жылу сыйлаған екен.

Софья атты періште әлемдегі барлық абыздарды, ғалымдар мен психологтарды жинап алып, адамдарға «Отасы» дәнін қалай күтіп баптау керектігін, қалай өсіру, оны қалай сүю керектігін үйретуді және бұл білімдерді Жердегі барлық адамдарға қалай жеткізу керектігін ұсынды.  

«Отбасы» дәні ерекше көңіл бөлуді, күтімді және махаббатты қажет ететіндігін барлығы білсін. Бұны Жер тұрғындары ұдайы есте сақтап бұл талапты орындауы қажет. Сонда ғана «Отбасы» дәні өзінің бұрынғы сиқырлы қасиетін қалпына келтіреді»,- деді періште Софья. Кездесуге қатысып отырған барлық басқа періштелер  осы бір аса күрделі міндеттің шешімін тапқандығына қуанды. 

Бұл кездесу  жердегі  аса айтулы күндердің бірі – 10 қарашада болды! Осы күннен бастап алғаш рет Жер шарының түпкір түпкірінен ғалымдарды жинай отырып періште Софья Жердегі барлық психологтарды «Отбасы» дәнін өсірудің әдістеріне үйрету процесін бастаған уақыт басталып кетті.  

Міне содан бері 4 жыл бойы періштелер Софьямен бірге, қараңғы түнектегі жарықтай, адамдардың бақытқа қол жеткізуі үшін, оларға өз білімдерін үйретіп келеді.

Бүгін де жер психологтарының тағы бір тобы психология саласындағы абыздардың уағыздары мен айтқан ақылдарын тыңдап, Софья атты періште жаққан жарықты қабылдап, адамдарға білім беру жолына түсуге дайын отыр.

Бізге, психологтарға артылған бұл сенімнің жүгі де салмақты. Біз бұл жарықты махаббатпен алып жүретін боламыз, және жердегі әрбір отбасыға жылылық пен білім сыйлаймыз, олардың әрқайсысы көңілді, жылылықты және бақ-берекені қажет ететін көкжиектегі жарық жұлдыздар, тек оны жаға білу қажет.

Бұл жарықтан жылынатын адамдар періштелерге алғыс білдіріп: «Жердегі «Отбасы» дәнін құтқарып қалған және «Әр шаңырақта әрқашан да сенім, үміт, махаббат болсын!» деп айтқан Софья атты періштені білеміз», - деп айтатын болады.


4-топ, ертегі терапиясы бойынша практикалық сабақ 
Манасипова Сагила Бакишевна.