27 қазанда Отбасылық Тәрбиелеу Институты мен ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Екі тарап та рухани-адамгершілік құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғыртауға және нығайтуға бағытталған отбасылық саясат қалыптастыру саласындағы міндеттерді іске асыруда, сондай-ақ отбасылық тәрбие бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруда  белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады.

Ынтымақтастықтың басым тақырыптарының бірі Қазақстан Республикасында білім беру және тәрбиелеу бағдарламаларын жасау және олардың жемісті жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, тараптар бірлескен форумдар, дөңгелек үстелдер және өзге де қоғамдық іс-шаралар өткізуге өзара қолдау көрсететін болады.