2015 жылдың 4 ақпанында Астана қ. Отбасылық тәрбиелеу орталығы № 68 «Балбұлақ» бала бақшасында «Бақытты отбасы» республикалық жобасы шеңберінде «Мектеп жасына дейінгі балалардың сәтті әлеуметтік бейімделуі үшін инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану» бағдарламасы бойынша қызметкерлерге арналған оқыту семинарын өткізді.

Кездесу басында, психолог Асилханова Г.Ж. тыңдаушыларды Отбасылық Тәрбиелеу Институтының қызметімен, «Отбасылық тәрбие» республикалық ғылыми-практикалық журналымен, профессор С.Л. Евдокимованың Мектеп жасына дейінгі балаларды отбасылық тәрбиелеу: «3 жастан 6 жасқа дейінгі баланы қалай дұрыс өсіріп, тәрбиелеу керек» атты авторлық әдістемелік құралдарымен таныстырды.

Семинардың теориялық бөлігін қарастыра отырып, тренер мынадай мәселелерге тоқталды:

-  баланы ұжымға тез бейімдеп бала бақшаға қалай дайындау керек;

-  дені сау бала тәрбиелеу: мектеп жасына дейінгі баланың дене шынығуын қалай дұрыс ұйымдастыру керек;

-  үш жас дағдарысы: бұл кезеңнің қиын сәттерін қалай жеңу керек;

-  мектеп жасына дейінгі мекемелердегі инновациялық педагогикалық технологиялар.

Практикалық бөлігінде, бала бақша тәрбиешілері олардың шығармашылық қызметіне өте қажетті жұмыстың жаңа техникаларын меңгерді, мысалы: түймелермен жұмыс, гүл бейнесіндегі отбасының суреті, дене терапиясы саласындағы жаттығулар.

Бала бақшаларға арналған семинарлар өткізу педагогтардың практикалық блоктарға, әсіресе арт-терапия, ертегі терапиясы, музыка терапиясы секілді блоктарға ерекше қызығушылықтарын көрсетіп отыр.

 Г. Ж. Асилханова