Сіз өміріңіздің әр сәтінде

балаларыңызға тәрби бересіз

А.С.Макаренко.

Сіз өз ойыңызша қандай ата-ана болсаңыздар да, «Өз балаңызды жақсы көресіз бе?» деген сұраққа әрқашан «иә» деп жауап бересіз.

Жауап «иә» болады. Және тек содан кейін ғана, ойлана келе, сіз балаңызды қалай жақсы көретіндігіңізді, және оны жақсы көре аласыз ба, сол жайында айтасыз.     

Өмір мен ғылым балалардың, және олардың ата-аналарының барлық қиындықтары отбасылық тәрбиедегі қателіктерден болатындығын дәлелдеп отыр, ал олардың ішіндегі ең басты қателік – шартсыз махаббаттың болмауы және өз балалаларыңды мақтап, қолдай білмеу. Ал бала үшін оны сол қалпына, ешқандай шартсыз жақсы көру бәрінен де маңызды.

Биылғы жылы Отбасылық Тәрбиелеу Институты «Отбасы және ата-ана махаббаты, психикалық дені сау тұлғаның негізі ретінде» тақырыбында ата-аналарға арналған лекциялар әзірледі. Олар отбасы мен тәрбиені нығайту мәселелеріндегі ағарту бағытындағы лекциялар, балалар мен ата-ана арасындағы өзара қарым-қатынастың ерекшеліктерін анықтауға, ата-аналарға өздерінің ата-ана ретіндегі мінез-құлқын талдауға, бала тәрбиесіндегі жағымды сәттерге, оған деген махаббатты білдірудің формаларына назар салуға, бала-ата-ана қарым-қатынастарын үйлесімді етуге мүмкіндік береді.

Нысаналы аудитория отбасымен және ата-аналармен жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер құрамына арналған. Лекциялар өткізу орны – қалалық емханалар мен перинаталдық орталықтар.

Елордалық медициналық мекемелерде алғашқы кездесулер де өтті, солардың бірі №1 қалалық емханада болды. 

Кездесулер тренинг формасында өтеді, онда ата-аналар бақытты отбасын құру мәселелерінде жаңа ақпарат алады және ескі ақпаратты қайталайды, практикалық бөлігінде жаттығулар орындайды, жаттығулар орындау процесінде өз пікірлерін ортаға салып, өзге қатысушылардың пікірлерін тыңдай алады, түрлі отбасылық жағдайларды талдайды, бақытты отбасылық өмірдің, жақсы ата-ана болудың қағидаларымен танысады, отбасылық тәрбие мен жұбайлар арасындағы қарым-қатынастардың кемшіліктері мен қиындықтарын анықтайды.

Кездесулер эмоционалдық деңгейде өтеді. Ата-аналар осындай тренингтерді жүргізетін психологтардан кеңес ала алады, «Ата-ана – терапия», сиқырлы сөздер «Ана мейірімімен емдеу» секілді жаңа психотехникалық элементтермен танысады.   

Ана болу және ата-ана махаббаты балалар үшін де, ата-ана үшін де бір-бірінен ажырамайтын түсініктер. Ата-ана махаббатына жарымай өскен балалардың психикасы сау болмай, денсаулықтары бұзылып өседі, өмірге деген көзқарастары теріс болады. 

«Отбасылық Тәрбиелеу Институтының мамандарымен әңгімелескен бір сағат – бұл біз, ата-аналар үшін өзгеше терапия!» - кездесу қатысушылары лебіздерінің дені осындай болды. 

Мякушко Г.К. маман