Бала тәрбиесімен тек ата-аналар ғана емес, сонымен қатар мұғалімдер де айналысуы керек. Бұл маңызды міндетке еліміздің гүлденуіне еңбек етіп жүрген қазақстандық қоғамның барлық әлеуметтік институттары тартылуы тиіс. 

Барлық осы институттарды психологиялық тұрғыда дені сау жаңа қазақстандық өскелең ұрпақты, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу бойынша стратегиялық маңызды мемлекеттік міндетті іске асыруға бағыттау Астана қ. Отбасылық тәрбиелеу орталығы қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

2015 жылдың басынан бері, Отбасылық Тәрбиелеу Институтының қызметкерлері Астана қаласының денсаулық сақтау мекемелерінде медицина қызметкерлерімен және олардың пациенттерімен 2 кездесу өткізді. Тренингтер №1 Перинаталдық орталығы мен №1 Емханада өтті.

«Отбасы және ата-ана махаббаты, дені сау тұлғаның даму негізі ретінде» тақырыбындағы тренингті психолог-кеңесші, Орталық басшысы Алтыншаш Матаева өткізді.

Отбасы дегеніміз не, неліктен балалармен арада проблема туындайды, отбасындағы бұрынғы романтикалық қарым-қатынастарды, сенімге құрылған қарым-қатынастарды қалай қайтаруға болады, осы және өзге де сұрақтар кездесуде талқыланды. «Гүл бейнесіндегі менің отбасым» әдістемесі қатысушыларға өздерінің отбасылық қатынастарына басқаша қарауға мүмкіндік берді, ал Орталық қызметкері берген кеңестер қатысушылардың назарын балалар мен ата-ана қарым қатынасын нығайтуға аударды.

«Кездесулер біздің әрбіреуіміз үшін қызықты әрі қажетті болды, кейбіреулері тіпті психолог кеңесін ала алды. Отбасылық Тәрбиелеу Институтына ұжымдарыңыз қазақстандық отбасы мәртебесін нығайту мәселелері бойынша халықпен ағарту жұмысымен және отбасылық құндылықтарды сақтау мәселесімен айналысып жүргені үшін зор алғыс білдіреміз» - кездесу қатысушыларының лебіздері осындай болды.

Астана қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығы кездесулер кестесін Астана Денсаулық сақтау басқармасымен келісіп, қаланың барлық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде тренингтер өткізуді жоспарлап отыр.

 А.Матаева