Ағымдағы жылдың ақпан айының 19-мен 26 аралағында Астана қаласының Отбасылық Тәрбиелеу орталығы еліміздің Батыс Қазақстан облысында «Отбасы мен мектептегі гендерлік тәрбие, дені сау тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасииеттерін дамытудың шарты ретінде» тақырыбында  кезекті көшпелі семинар-тренингтер жүргізді.

100 - ден астам сынып жетекшілер, педагог-психологтар семинар барысында бойжеткендерімізді «ерте жүктіліктің алдын-алу, жасөспірімдер арасында отбасылық және ұлттық құндылықтарды насихаттау» деген күрделі мәселелерді талқылады.

Семинар барысында өткізілген жаттығулар жоғары бағаланды, өйткені олар тәрбиеленушілердің жыныстық идентификациялау мен және топаралық қарым-қатынасты  жақсартуға бағыталған.

Семинарға қатысқан педагогтар өз кезегінде, ұйымдастырылған кездесу үшін облыстық Білім басқармасына және Отбасылық Тәрбиелеу Институтына алғыс білдірді.  Сонымен қатар олар бұндай іс-шараларды жиі өткізіп тұруды өтінді.